Қазақстан • 07 Желтоқсан, 2021

Еліміздің орталығы мен шығысында қар жауады

584 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 8 желтоқсанда қандай ауа райы болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің орталығы мен шығысында қар жауады

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады десек те, кейбір аумақта қар жапалақтап жауады.

«Еліміздің шығысында, оңтүстік-шығысында және Қарағанды облысының шығысында қар жауады. Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты қар жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі, еліміздің шығысы мен орталығында боран соғады», деп жазады «Қазгидромет» РМК.

Ақмола облысының солтүстік-батысында, шығысында және орталығында тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының солтүстігінде тұман, оңтүстік-батыста желдің жылдамдығы 15-22 м/с, Маңғыстау облысында шаңды дауыл күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Алматы облысының солтүстік-шығысында және оңтүстігінде тұман күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, Түркістан облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман күтіледі, күндіз Қызылорда облысының орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде және таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл болады.

Қарағанды облысының шығысында көктайғақ, бұрқасын, солтүстік пен шығыста тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік жартысында тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, таулы аудандарда жел 15-20 м/с дейін күшейеді.