Кәсіпқой бокс • 07 Желтоқсан, 2021

Мунгия құлатқан боксшымен жұдырықтасады

138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екінші орта салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахмедовтың қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мунгия құлатқан боксшымен жұдырықтасады

Отандасымыз АҚШ-тың Монтебелло қаласында өтетін бокс кешінде мексикалық Пауль Валенсуэламен қолғап түйістіреді. Жекпе-жек он раундтық форматқа жоспарланған. Кездесу Қазақстан уақытымен 11 желтоқсан күні таңертең өтеді. Соңғы жекпе-жегінде Әли перулік Давид Сегарраны мерзімінен бұрын ұтқан болатын.

Валенсуэла кезінде бірінші орта салмақ дәрежесінде топқа түскені белгілі. Ол 2017 жылы отандасы Хайме Мунгияға қарсы шаршы алаңға көтеріліп, қарсыласынан екінші раундта техникалық нокаутпен жеңілген еді.