Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2021

Алматыда миллион долларға жуық ақша өртелді

426 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда жалған доллар өртелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда миллион долларға жуық ақша өртелді

Бұл туралы қаржы мониторингі агенттігі мәлім етті.

Агенттіктің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері арнайы комиссияның қатысуымен аса ірі мөлшерде жалған шетел валютасын өртеді.

Шетел валютасы 2020 жылдың соңында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде анықталған.

«Қызметкерлер жедел іздестіру шарасы барысында қала тұрғыны Т.Қалиевты 293 мың АҚШ доллары сомасына жалған купюраларды өткізу кезінде ұстады. Іздестіру нәтижесінде заңсыз айналымнан 975 мыңнан аса жалған доллар тәркіленді», делінген хабарламада.