Аймақтар • 08 Желтоқсан, 2021

Агроөнеркәсіп кешені алға басып келеді

214 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Орталық коммуникациялар қызметінде 11 айдағы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындыларымен таныстырды.

Агроөнеркәсіп кешені алға басып келеді

– Дүниежүзіндегі экономи­калық дағдарыстарға қарамас­тан, Президенттің, Үкіметтің қолдауларының, мемлекеттік бағдарламалардың іске асуы­ның нәтижесінде өңірде айтар­лықтай даму қарқыны бар. Мә­се­лен, Мемлекет басшы­сы­ның Қазақстан халқына Жолда­уын­­­да берілген тапсырмалар­ды тиімді іске асырудың нәти­же­сінде биыл аймақтың 11 айдағы экономиканың даму қар­қыны 104,9%-ды құрады. Өңір­дегі негізгі әлеуметтік-эко­но­ми­ка­лық көрсеткіштер был­тырғы көр­сеткіштерден және рес­пуб­ликаның орта көрсеткішінен де жоғары. Экономиканың дамуы – тартылған инвестицияға байланысты. Есепті кезеңде облыс экономикасына 350 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды. Соның нәтижесінде, аймақтағы кәсіпорындар 530 млрд теңгенің өнімін өндірді, – дейді аймақ басшысы.

Аталған өңірде ауыл шаруа­шылығы саласындағы өсім 101,5%-ды құрады. Мемлекет бас­шысы тапсырмаларының бірі – жұмыссыздар санын кө­бейт­пеу. Облыста жұмыссыздық дең­гейі – 4,9%. Келесі мәселе – ба­ғаның өсуіне жол бермеу. Өт­кен айларда инфляция 107,7%-ды құрады. Бюджетті игеру көр­сеткіші – 98,9%. Жыл соңына де­йін берілген қаржы жоспарға сәй­кес 99,9% игеріледі.

– Бүгінде маңызды мәселе­лердің бірі – індетке қарсы кү­рес. Қабылданған ша­ра­лардың нәтижесінде соңғы кездері індет жұқтырғандар са­ны тәулігіне 10-нан аспайды. Пандемия бастал­ған кезден бас­тап 21 мыңнан астам адам нау­қастанып, қажет­ті тө­сектік орын­дар дайындал­ды. Індетті жеңу жолдарының бірі – вакциналау. Бүгінде аймақ тұрғындарының 98%-ы егілді. Қажетті дәрі-дәр­мек, құрал-жабдықтар толық қам­тамасыз етілді. Карантиндік талап­тарды сақтау үшін мобильдік топтар құрылды. Олар ірі сауда орындарында, базарларда, мейрамханаларда жұмыс істеп жатыр, – дейді облыс басшысы.

Жамбыл облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы міндеттерін іске асыру аясында фармацевтика саласы белсенді дамуда. 2021 жылдың 11 айында фармацевтика саласында 3 млрд-тан астам өнім шығарылды. Ең негізгісі індеттерге қарсы құ­рал-жабдықтар шығаратын «Су­пер­фарм» фабрикасы және ауруларды анықтайтын экспресс тест шығаратын зауыт. Оның құрылысы былтыр басталып, вак­цина шығаратын зауыттың бірінші кезеңі іске қосылды. Қыркүйектен бері кәсіпорын айына 500 мың доза вакцина шығара бастады.

– Жалпы, 11 айда 1,5 млн доза қазақстандық вакцина шы­ға­рылды. Алғаш рет экспорт Қыр­ғызстанға жөнелтілді. Қазір Ор­талық Азия және Еуропа елде­рінен де сұраныс бар. ДДҰ рұқсаты берілген. Жыл соңы­на дейін қуаттылық 2 млн доза­ға жеткізілмек. Қазіргі кезде зауыт­тың екінші кезеңінің құрылысы басталды. Оны сәуір-мамыр айларында аяқтау көзделген. Сол кезде айына кемінде 2-3 млн доза, коронавирустан басқа да ауру­ларға қатысты вакциналар шығарылады. Мақсат – халықты екпелермен қамтамасыз ету және оларды басқа мемлекеттерге экспорттау, – деді әкім.

Әлемдік экономикалық дағда­рыс­тағы маңызды мәселенің бірі – мемлекеттің азық-түлік қауіп­сіздігін қамтамасыз ету. Жам­был облысында осы мақсатта агроөнеркәсіптік кешенді дамы­туға ерекше назар аударылады. Биылғы қуаңшылыққа, су тапшылығына қарамастан, егістік алқабы 30 мың гектарға ұлғайды. Пайдаланылмай жатқан 112 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

– Суармалы жерлердің аума­ғын кеңейту мәселесі де күн тәртібінен түспейтіні белгілі. Биыл қосымша 41 мың гектар суар­малы жер қалпына келтіріліп, өңірдегі мұндай жерлердің жалпы көлемі 180 мың гектарға жетті. Суармалы жерлерді көбейту үшін су тапшылығын ескере отырып, арнайы су балансын жасадық. Ондағы мақсат – жер асты, жер үсті суларын анықтау, оларды тиім­ді пайдалану. А.Сафин атын­­дағы ғылыми зерттеу инсти­ту­тының мәліметінше, жер астынан кем дегенде 700-800 млн текше метр суды пайдалануға болады. Ол үшін кем дегенде 700 сутартқыш жаңадан салынуы немесе қалпына келтірілуі тиіс. Сонымен қатар жаңа технологиялар қолданысқа енгізілуде. Мұны шаруалар да жете түсіне бастады. Қазіргі кезде Израиль. Сондай-ақ басқа да мемлекеттермен жұмыс істеп, кәсіпкерлердің, Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының есебінен жаңбырлатып суару құрылғылары орнатылуда. Мал шаруашылығында мал басының өсімі 6-8%-ды құрап отыр, – деді аймақ басшысы.

Бұдан бөлек, өңір табиғаты көкөніс, өнім өсіруге қолайлы. Биыл аталған облыста алма көп­теп өсірілуде. Мәселен, 11 айда 42 тонна алма араб елдеріне экспортталды. Ал ет экспорты 4,5 мың тоннаны құрады.

– Бұған қоса, облыста ба­лық шаруашылығын жүргі­зу­ге арналған 140-тан астам су қой­масы бар. Форель балықтарын өсіру­ге арналған 18 тау учас­ке­сі анықталды. Бұл іске қызы­ғушылық танытқан 7 шаруа қо­жалығы бар. Онда форель өсі­ру ісі ғана қолға алынып қой­май, тұрғындарға арнал­ған дема­лыс орындары да қарас­ты­рылады. Сондай-ақ бал өнді­рушілерге жергілікті бюджеттен қосымша субсидия беру мәселесі қарастырылуда. Бұған қоса, құлпынай мен таңқурай өсімдіктерін өсіру ісі де дами­тын болады. Президенттің тап­сырмаларының бірі әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтандыру бойынша бірқа­тар жұмыстар жүргізілуде. Үкі­мет жанынан арнайы комиссия құрылды. Бағаны өсірмеу бойынша «Алқаптан сөреге дейін» жобасы іске асырылуда. Яғни шаруа өз өнімін делдалдарсыз тікелей сауда орындарына жеткізеді. Сондай-ақ өңірде 32 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді. Соның ішінде 15-і Тараз қаласында. Ондағы бағалар сауда орталықтарымен, базармен салыстырғанда 15-20%-ға төмен. Жақында бағаны қадағалайтын статистика бюросының мамандары да келіп тексерді, – деді Б.Сапарбаев.

Бұдан бөлек, тұрақтандыру қорына бюджеттен қосымша қар­жы бөлінді. Қазіргі кезде онда шамамен 3,5 мың тонна әлеу­меттік маңызы бар тауарлар бар. Өңірде 19 әлеуметтік азық-түлік тауарларының 9-ы толық, 8-і – 50%-ға қамтылып, 2-еуі – күріш пен қарақұмық Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарынан жеткізілуде.

– Ел Президентінің басты тап­сырмаларының бірі – шағын және орта бизнесті дамыту, қосымша жұмыс орындарын ашу. Бүгінгі таңда өңір бойынша бұл көрсеткіш 23%-ды құрайды. Шағын және орта бизнес субъектілерін қол­дау үшін 11 айда шамамен 18 млрд теңге бөлінді. Бірақ бұл жұмыс одан әрі жалғасатын болады. Бизнесмендерге біздің мем­­лекеттік бағдарламалары­мыз, әсі­ресе «Қарапайым заттар экономи­касы» үлкен көмек көрсе­теді. Бұл тұрғыда өңір респуб­лика бойынша көш бастап тұр. Шамамен 95 млрд теңгеге өнім өндіріліп, кәсіпкерлеріміз 70 млрд теңгеге жуық қаражат алды, – дейді облыс әкімі.

Тұрғындарды баспанамен қам­­ту мәселесі де маңыздылы­ғын жой­ған жоқ. Осы мақсатта, об­лыста биыл 600 мың шаршы метр тұрғын үй берілді. Міндет – 650 мыңға дейін жеткізу. Жыл соңы­на дейін қосымша 50 мың шаршы метр пайдалануға беріледі. Ел Президентінің тапсырмасына сәйкес, Бірыңғай зейнетақы төлемдері халық үшін үлкен қол­дау болды. Облыстағы салым­шылардың шоттарына зейнетақы қорынан 10 мыңға жуық салымшыдан 25 млрд теңге аударылды. 4 858 тұрғын 15 млрд теңгеге пәтер алды.

– Өңірде жұмыспен қамту және жұмыссыздықпен күрес мәсе­лесі белсенді шешілуде. Мемлекеттік бағдарламалар­дың нәти­жесінде 54 мың адам қамтылып, 30 мың жұмыс орны, соның ішінде 17 мың тұрақты жұмыс орны құрылды. Өңірде АӘК алушылар саны көп. Өткен 11 айда мұндай атаулы әлеуметтік көмектің шарапатын 11 мың отбасы көрді. Ал өңірдегі орташа жалақы 22,6%-ға өсті. Мемлекет басшысы мектептер құрылысын арттырып, апатты жағдайдағы және үш ауысымдық мектептер санын азайту жөніндегі тапсырма берген болатын. Осы мақсат­та биыл 18 мектеп пайдалануға беріледі. Соның ішінде 12-сі – жекеменшік білім ордасы. 23 мектепте күрделі жөндеу жұмыста­­ры жүргізілуде. Мектепке дейін­гі білім мекемелерімен 3-6 жас ара­лығында балалар 100% қам­тылған. «Дабыл түймесі» және мектептерді полиция депар­та­менттерімен байланыстыру бо­йынша жұмыстар жалғасуда. Кол­­ледждерде «Жас маман» бағ­дарламасы қолға алынды. Со­­ны­мен қатар өңірде С.Ж.Ас­фен­дияров атындағы Қазақ ұлт­тық медициналық университеті­нің филиалы ашылды. Бұл дәрігер­лер тапшылығын жоюға септі­гін тигізеді. Жергілікті бюджеттен медициналық мекемелердің ма­териалдық базасын нығайтуға 3 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді, – деді спикер.

Сондай-ақ Мемлекет басшы­сының тапсырмасына сәйкес Жамбыл облысында мемлекеттік бағдарламалардан бөлек, аймақ­тық деңгейдегі жобаларды жүзеге асыру да игі үрдіске айналды.

– Соның бірі – «Жомарт тү­лек» жобасы шеңберінде табыс­ты түлектердің демеушілігімен 2,8 млрд теңгеге 67 елді мекенде жобалар жүзеге асуда. «Асар» жобасы аясында биыл 133 үйдің құрылысы жоспарланып, 75-і пайдалануға берілді. «Таразға тарту» жобасы арқылы Тараз қаласы аумағында 47 нысан салынып, жөнделді. «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі» шегінде 12,7 млрд теңге бөлінді, – деді облыс басшысы.