Президент • 08 Желтоқсан, 2021

Президент жастарға қандай қолдау көрсетілетінін айтты

1741 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік құрдастары» грантын салтанатты түрде табыстау іс-шарасында жастарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау іс-шараларын атады, деп жазады Egemen.kz.

Президент жастарға қандай қолдау көрсетілетінін айтты

«Президенттік жастар кадрлық резерві тиімді әлеуметтік лифтіге айналды. Ол жас әрі мақсатшыл кәсіби маманға өзінің мемлекеттік басқару жүйесінде мүмкіндігін көрсетуге тағы бір мүмкіндік береді. Партиялық сайлау тізімінде 30 пайыздық квота жастардың Мәжіліс пен мәслихаттардағы өкілдерін арттырады»,  деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент мемлекет тарапынан жастарға қандай қолдау көрсетілетіндігін де атап өтті.

«Жастарды қолдау үшін тұрғын үй бағдарламалары және арнаулы жобалар жүзеге асырылуда. Мәдениет, ғылым мен білім саласында табысқа жеткен жастарға мемлекеттік сыйлық берілуде. Бүгінгі іс-шара сіздердің бастамаларыңызды және шығармашылық жоспарларыңызды жүзеге асыруға тың серпін беретіндігіне кәміл сенемін», деді Президент.