Коронавирус • 08 Желтоқсан, 2021

ДДСҰ QazVac-ты қашан мойындайды?

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық QazVaq вакцинасын тіркеу бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қосымша құжаттарды тапсыру рәсімін жүргізуде. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

ДДСҰ QazVac-ты қашан мойындайды?

Министрдің айтуынша, ДДСҰ-ға қазақстандық вакцинаны тіркеу жұмыстары әлі жүргізілуде.

«Қазіргі уақытта процесс жүріп жатыр. Мен жақында Женевада болдым, біз ДДСҰ бас директорымен тағы сөйлестік. Олар ДДСҰ-ның толық қолдауы болады дейді. Қазір жұмыс жүріп жатыр. Қазақстанда орналасқан біздің аймақтық кеңсе де осы мәселемен айналысады. Яғни, құжаттарды тапсыру рәсімі жүріп жатыр», деді Алексей Цой.

Денсаулық сақтау министрі қазір мамандар бір-бірімен хат алмасып, қандай қосымша құжаттар тапсыру керектігін анықтап жатқанын айтты.