Жанталасқан Рамазанның жан дүрсілін кейінірек түсіндік. Қоғамдық өмірде болсын, спортта болсын, күнделікті тіршілікте болсын адымдап алға басуды қалайтын. Арманшыл дегеннен шығады, 1998 жылы Көкшетауға көшіп келіп, үй алуы да жас жігіттің жүрегіне қосымша жауапкершілік қондырғандай екен. Тоқырау қиындықтарына қарамастан құрылыс алаңдарында серпіліп жұмыс істеп, серіктестеріне демеу бола білді. Көкшеде бұрын қолдана қоймаған технологияларды насихаттап, өндіріске енгізуге талпынды. Ұсыныстары қолдау көріп жатты. Оны қаланың сәулетіне жаңа өзгерістер әкелген ғимараттардан көруге болады. Әсіресе, аликобон дейтін құрылыс материалына айрықша ден қойған екен. Әлде, осы жабдық күндердің-күнінде алдынан шығып, нәпақа медетіне айналатынын сезді ме екен?
Оған тоқталмас бұрын Рамазан Мұқатаевтың жаңа елордамыз Астананың алғашқы құрылыс алаңдарындағы білек белсенділігін айта кеткен жөн сияқты. Өйткені, осы тақырып қозғалғанда оның жанары жарқылдап, жүзі жайнап шыға келгенін көрдік. Әңгімені жігермен, сендіріп айтады екен. Абай, Бейбітшілік, Жеңіс даңғылдарындағы ескі үйлердің тез арада жаңғырып шыға келгенін ертегідей елестетті. Чех құрылысшыларымен бірге депутаттық тұрғын үй корпусын тұрғызғандағы қызықты күндер сілемі көз алдымызда биіктеп бара жатты. «Бәрекелді!» дейміз іштей.
Тоқтауды білмейтін бауырымыз неге соншалықты асықты екен деп те қоямыз білдірмей. Жүректегі Құлагері де тыным таппайды ғой мұндай жандардың. Рамазан 2002 жылы қияндағы Кореяға тартып кеткен. Сондағы керамикалық зауыт құрылысында жұмыс істепті. Ойы – жер тану, тәжірибе толықтырып, елге ала келу. Екшеумен өткен екі жыл.
Ой-салмақ толысып, елге оралу қамында жүрген. Күтпеген жерден бейнет кешті. Өндірістік жарақат алып, омыртқасы зақымданды. Кореялық мамандар отаны сәтті жасағанымен, қайран азамат І топтағы мүгедекке айналып, арбаға таңылды. Қазақ елі қай жерде жүрсе де азаматын ардақтаған, қамықтырмаған. Осы ретте Рамазан бауырымыз Қазақстанның Кореядағы сол кездегі елшісі Дархан Бердалиевтің, консулдықтың үшінші хатшысы Бейбіт Нөгербековтің қамқорлығын атап өтіп, ел газеті «Егемен Қазақстан» арқылы рахметін білдіруді өтінді. Көкшетауға оралғаннан кейін де жылы шуақ аясында болды. Алдымен арнайы квотамен Новосібір қаласында екінші рет ота жасатты. Ақтөбеде емделді. Қазір Көкше дәрігерлерінің оңалту бағытындағы бақылауында. Әлеуметтік қолдау шараларынан қалыс емес. Мүгедектік арба алып берілген. Жәрдемақы, мемлекеттік өтемақы көлемі жыл санап артып келеді. Тәубе қылады. Келіншегі Ақтоқты екеуі екі студент баласын оқытып отыр.
«Тас түскен жеріне ауыр» деп жатамыз. Бұл шын. Мәселе, оған деген қамқорлықтың шектеліп қалмайтындығында емес, мәселе сол азаматтың кіріптарлыққа байланып қалмағандығын аңғартуда болса керек. Мұны Рамазандай жігіттер жақсы біледі. Кісіге көз сүзу деген болмайды мұндай азаматтарда. Бір жарым жылдай аурухана төсегіне байланып, беті бері қарасымен іске кірісті. Баяғы «аликобон» алдынан шықты. Өзі жеңіл, икемге көнгіш материал өнерлі жастың қолымен әдемі қолжуғыштарға айналды. Әуелде үй-ішінің кәдесіне жаратылған дүние көршілердің, жолдас-жораның қызығушылығын туғызған. Сұраныс өсті. Қазір Рамазанды танымайтын кісі некен-саяқ.
Осы сұраныстың адамды тоқыраудан алып шығатын қуат-қасиеті де бар. Енді қолжуғышпен шектеліп қалуға болмайтын еді. Компьютер үстелі мен орындығын жасады, ағаш ыдыс-аяқтар көбейді, ептеп жиҺаз жабдықтарын дайындады. Бұларға да тапсырыс берушілер шықты. Ауылдағы әке-шешесінің, бауырларының көмегіне өзінің тапқан нәпақасын қосып, үй іргесінен жайлы шеберхана ашты. Пантусты да жабдықтап алды.
Осы Рамазанның тіршілігімен танысу барысында, өскелең әрі құбылмалы нарық заңының кез келген кісіге белгілі дәрежеде әсер ететінін байқадым. Ілкімділік танытпасаң, ілесу қиын. Бірде досы Жасұлан тұрмыстық техника, оның ішінде тігін машиналарын жөндеуге мамандану қажеттігін айтқан. Дос көңіл Рамазанның мүмкіндігін еселеу, қызметтің өтімді түріне икемделу ниетімен ақыл қосқанын түсінді ол. Табысы да көбейді. Бәрінен бұрын адамдардың Рамазан қолынан шыққан тұрмыстық бұйымдардың мінсіз сыртылдап тұрғанына риза сезімдерін білдіріп жататынын айтсаңызшы! Ел құрметі дегеніңіз осы.
Рамазанмен қоштасар сәтте ол Елбасымыздың Жолдауы жарияланған газеттен мынадай үзінді оқыды: «Біз оларды белсенді өмірге тартамыз, олар тек жәрдемақы алып қана қоймай, сонымен бірге, өздерін қоғамның мүшесі, пайдалы еңбеккер ретінде сезінетін болады. Бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз». Жымиып тұрған жүзінен көп нәрсені аңғаруға болатын еді. Соның ең бастысы: «Мен өзімнен бұрын өзгелерді ойлаймын. Көптеген жандар қиындықтың құрсауында құсаланбасын. Еңсесін тіктеп, еліне қызмет етсін. Оған толық мүмкіндік бар», дегенге саятынына шүбә келтірмеймін.
Бақберген АМАЛБЕК,
«Егемен Қазақстан».
Ақмола облысы.
Суретті түсірген
Ермұрат ДОСЫМОВ.

Төрт бірдей теннисшіміз әлемдік рейтингтің ТОП-10 тізіміне енді
Теннис • Бүгін, 10:50
Көктемгі егін егу және жинау жұмыстарына қанша қаржы бөлінеді?
Шаруашылық • Бүгін, 10:49
АҚШ-тың келесі президенті кім болуы мүмкін?
Әлем • Бүгін, 10:33
152 млн теңге залал: Көкшетауда қазынаға қол салған кәсіпкерлердің мүлкі мемлекетке қайтарылды
Жемқорлық • Бүгін, 10:28
Жоғарғы сот шешімі: Трамп енгізген импорттық тарифтер заңсыз деп танылды
Әлем • Бүгін, 10:10
Теміржол өткелінде электровоз бен жеңіл автокөлік соқтығыса жаздады
Оқиға • Бүгін, 10:03
Газ саласын цифрландыру: QazaqGaz Aimaq қосымшасы қалай жұмыс істейді?
Жасанды интеллект • Бүгін, 09:54
Жанар-жағармай импорты салықтан босатыла ма?
Қоғам • Бүгін, 09:48
Бүгін елімізде қай жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:40
Рамазан айында пойыздарда алкоголь өнімдері сатылмайды
Қоғам • Бүгін, 09:34
Үкімет Каспийді зерттеуге 1,1 млрд теңге бөлді
Экология • Бүгін, 09:20
Валюта бағамы: Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:10
Құрылыс саласын цифрландыру: Өзекті істің аяқ алысы қалай?
Құрылыс • Бүгін, 09:00
«Біз үшін су дипломатиясы маңызды»
Сұхбат • Бүгін, 08:55
Аймақтар • Бүгін, 08:50