Елбасы • 08 Желтоқсан, 2021

Елордада «Ел және Елбасы» кітабының тұсаукесері өтеді

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

9 желтоқсанда сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде  «Ел және Елбасы» кітабының тұсаукесері мен «Егемендік және Елбасы» фотокөрмесі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

 

Елордада «Ел және Елбасы» кітабының тұсаукесері өтеді

9 желтоқсанда сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде «Қазақстан жолы» жобасы аясында «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ дайындаған «Ел және Елбасы» кітабының тұсаукесері мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орайластырылған «Егемендік және Елбасы» фотокөрмесі ашылу салтанаты өтеді.

Фотокөрмеге Шүкір Шахай, Игорь Бургандинов, Юрий Беккер, Орынбай Балмұрат және Ерлан Омаров сияқты белгілі фототілшілердің 50-ге жуық фотосуреті қойылады.

Шара аясында «Егемен Қазақстан кітапханасы» сериясымен жарық көрген «Ел және Елбасы» жинағының тұсауы кесіледі.