Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы – Министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаровты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кездесу барысында Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы екіжақты стратегиялық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты дамыту жөніндегі нақты шараларға баса мән берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақылбек Жапаровқа ілтипат білдіре отырып, оның бұл сапарының достық, тату көршілік және одақтастық рухындағы қазақ-қырғыз қатынастарын талқылау тұрғысынан маңызды екенін атап өтті.
«Біз – бауырлас елміз. Мемлекеттеріміз – Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше. Екіжақты негізде әрдайым өзара тығыз ықпалдастығымыз бен ынтымақтастығымызды дамытып келеміз», деді Мемлекет басшысы.
Президент өзара сауда-саттықтың оң қарқынын атап өтті. Екі ел арасындағы сауда айналымы биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша 9 пайызға артып, 680 миллион долларға жеткен. Сонымен қатар ынтымақтастықтың барлық әлеуетін пайдалана отырып, осы бағыттағы жұмыс қарқынын үдете түсудің маңызды екенін айтты.
Ақылбек Жапаров өз кезегінде кездесуге мүмкіндік бергені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдіріп, Қырғызстан Президентінің жүрекжарды сәлемін жеткізді. Сондай-ақ ол Мемлекет басшысы мен Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтады.
«Осы жылдар ішінде Қазақстан өзін қарқынды дамып келе жатқан ел, саяси және экономикалық тұрғыдан мықты, халықаралық аренадағы ұстанымы берік әрі беделді мемлекет ретінде танытты. Біз Қырғызстанда Сіздің еліңіздің жетістіктеріне әрдайым қуанамыз және бауырлас Қазақстанның қолдауын әрқашан сезінеміз», деді Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы.
Ақылбек Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевқа екі ел үкіметтерінің арасында жүргізілген келіссөздердің табысты болғанын айтып, оның қорытындылары Қазақстан Президентінің Қырғызстанға жоспарлап отырған келесі жылғы сапарының сапалы әрі мазмұнды болуына септігін тигізетініне сенім білдірді.
Әңгімелесу соңында Қазақстан Президенті Қырғызстанға көмек көрсетуге, екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға дайын екенін нақтылап, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровқа сәлемін жолдады.
Елена Рыбакина Торонтодағы турнирдің екінші айналымында сүрінді
Теннис • Бүгін, 11:17
Жамбыл облысының тұрғынынан ірі көлемде марихуана тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 11:09
Алматыда 280 орындық екі мемлекеттік балабақша салынады
Қоғам • Бүгін, 10:58
Тауар өндірушілерге тиесілі дизельді сатып жіберген оператор анықталды
Оқиға • Бүгін, 10:48
Грузияның экс-президенті ауыр халде жатыр
Әлем • Бүгін, 10:35
Алматыда көпқабатты автотұрақтар салынады
Аймақтар • Бүгін, 10:23
Михаил Литвин Түркияда алтын медаль еншіледі
Жеңіл атлетика • Бүгін, 10:18
Қостанайда қантты 100% үстеме бағамен сатқандар әшкереленді
ANTIKOR • Бүгін, 10:10
Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасымен кездеседі
Президент • Бүгін, 10:03
«Реал Мадрид» UEFA Суперкубогының иегері атанды
Футбол • Бүгін, 09:55
11 тамызға арналған валюта бағамы
Экономика • Бүгін, 09:40
Бес жасар Мәдинаның мәйіті табылған жерден видео жарияланды
Қоғам • Бүгін, 09:38
Джо Байден қысқамерзімді еңбек демалысына шықты
Әлем • Бүгін, 09:33
Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:24
Юлия Путинцева әлемнің үшінші ракеткасын жеңді
Теннис • Бүгін, 09:18
2458 қазақстандық коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:08
Бокс • Бүгін, 08:40
Теннис • Бүгін, 08:39
Спорт • Бүгін, 08:37
Қазақтың байлығы мыңғырған мал еді
Қоғам • Бүгін, 08:35
Меншік құқығын қорғау ойдағыдай емес
Қоғам • Бүгін, 08:32
Алуан ауруды анықтайтын аппарат
Медицина • Бүгін, 08:30
Корей медицинасымен байланыс кеңейді
Медицина • Бүгін, 08:27
Білім • Бүгін, 08:25
400 мыңнан аса бала мемлекеттен материалдық көмек алады
Білім • Бүгін, 08:23
Абай • Бүгін, 08:22
Абай • Бүгін, 08:20
Сенат депутаттары – халық ортасында
Саясат • Бүгін, 08:17
Оқиға • Бүгін, 08:15
Экспорттағы шикізат үлесін азайтудың жолы қандай?
Экономика • Бүгін, 00:08
Көмір бағасын ырықтандыру қолдан келмей тұр
Экономика • Бүгін, 00:07
Ана тілінде оқудан неге қашады?
Білім • Бүгін, 00:05
Абай • Бүгін, 00:04
Абай • Бүгін, 00:02
Экономика • Бүгін, 00:01
Зейнетақы қаржысын әлі пайдалануға болады
Қаржы • Кеше
Әскери институт батырдың мерейтойын атап өтті
Аймақтар • Кеше
Қоғам жұмыла кіріссе, қоқыстан тазарамыз
Қоғам • Кеше
Ауылдағы ағайынның әлеуетін тиімді қолданбай жүрміз
Қоғам • Кеше
Тозған жолда озған өмір қайдан болсын...
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар