05 Наурыз, 2014

Насихат жұмыстары нәтижелі

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің төрағасы Әлихан Байменов Алматы қаласына жасаған сапары барысында жергілікті басқару қызметі өкілдерімен кездесіп, бірқатар басқосуларға қатысты. Қалалық әкімдіктің мәжіліс за­лында Мемлекет басшысы Нұр­сұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан хал­қына Жолдауын талқылау отырысы болды. «Бүгінде қала бойынша Елба­сы ұсынған маңызды стратегиялық құжатты түсіндіру жұмысымен айналысатын жалпықалалық ақпа­рат­тандыру жұмыстары қызу жүргізілуде. Қазіргі таңда бір қала­лық және аудандық дең­гейде құрылған 835 арнайы топтың Елбасы Жолдауын халыққа жет­кізу мақсатында атқарған жұмыс­тары өз нәтижелерін бере бастады», деп атап өтті бұл жиында қала әкімі Ахметжан Есімов. Өз кезегінде Ә.Байменов елі­міздің бүкіл әлеуметтік тобының өкілдері шоғырланған Алматы қала­сының ел өмірінде алар орны ерекше екендігін, алып мега­по­листің қол жеткізген әлеуметтік-эко­номикалық жетістіктері со­ның айғағы екендігін жеткізе ке­ліп, Қа­зақстан Президенті Нұр­сұл­тан Назарбаевтың арнайы тапсыр­ма­лары мен мемлекеттік бағ­дарламалар ретінің Алматыда жоғары деңгейде жүзеге аса­тын­дығын тілге тиек етті. Әкімдік ғимаратындағы кез­десуден кейін Ә.Байменов бірқатар жоғары оқу орындарын аралап, студент жастармен жүздесті. Қанат ЕСКЕНДІР, «Егемен Қазақстан». АЛМАТЫ.