Аймақтар • 08 Желтоқсан, 2021

Алматылықтарға ауа райына байланысты ескерту жасалды

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидрометке» сілтеме жасап, ауа райына қатысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматылықтарға ауа райына байланысты ескерту жасалды

9 желтоқсан күні Алматы тауларында түнде қар жауады. Тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстiк-шығыстан жел соғып, оның екпiнi ceкундына 15-20 метрге жетпек.

Осыған байланысты ТЖД көлік иелері мен жаяу жүргізушілерге мынадай қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:

Есіңізде болсын, қар мен көктайғақ кезінде көлік жүргізу күрт нашарлайды және жүргізушінің көлікті бақылауды жоғалтуы мүмкін, нәтижесінде жаяу жүргіншілерді қағып кетуі мүмкін; көшелерде жол қозғалысы ережелерімен белгіленген орындарда өту керек; абай болыңыз, жолдан өткен кезде, басқа істерге (ұялы телефонмен сөйлесу және тағы басқаға) алаңдамаңыз; әрқашан алдыңызға және аяқтың астына қараңыз; аяқ киімді дұрыс таңдауға назар аудару керек. Аяқ киім бұдырлы өрнегі бар тайғанамайтын материалдан жасалған тегіс табанды болуы тиіс; қолыңызды қалтаңызда ұстамаңыз, бұл сізге мұзда тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді; есіңізде болсын, тротуарлар, қалалық көлік аялдамалары, дүкендерге кіреберістегі баспалдақтар, тіпті өз үйінің кіреберісі - адамдар жиі құлап, жарақат алатын жер.



Соңғы жаңалықтар