Аймақтар • 08 Желтоқсан, 2021

Ақтөбе облысындағы екі ауылдан мал ауруы анықталды

372 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбенің Хромтау ауданы, Қопа және Тамды ауылдарында малдан ауру шықты. Қазіргі кезде сынамалар зертханаға жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе облысындағы екі ауылдан мал ауруы анықталды

Бүгінде Хромтау ауданының Қопа және Тамды ауылдарында ірі қарадан аурудың тіркелгені туралы ақпарат тексеріліп жатыр.

«Жануарлардан ауыз қуысынан сілекей ағу мен ақсау сияқты клиникалық белгілер байқалған. Мал иелері ветеринарлық дәрігерлерді күтпей, дүрбелең тудырған. Басқа адамдардың кеңесіне құлақ асып, өздері диагноз қойып, вирусқа қарсы препараттарды сатып алып, малын емдеген. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығына қан мен сілекей сынамаларын жіберу үшін облыстық Ветеринария басқармасының және ветеринариялық станцияның мамандары ауылға барды. Сондай-ақ ветеринариялық зертхананың нәтижелері шыққанға дейін халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жануарларға ауыз қуысын өңдеуді қалай жүргізу керегі көрсетіледі», деді облыстық Ветеринария басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембай.

Оның айтуынша, Хромтаудағы мал ауруы Алға ауданындағы оқиғаға ұқсас. Бұған дейін оларға инфекциялық ринотрахеит диагнозы қойылған болатын.