Алматы қаласында түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с артады.
Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с жетеді.
Алматы облысының солтүстік-шығыс және оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында және оңтүстігінде күші 15-20 м/с құрайды.
Түнде және таңертен облыстың таулы аймақтарында қатты қар жауады. Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.
Қызылорда облысында күндіз жел шығыстан соғып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с құрайды.
Шымкент қаласында түнде тұман болжанады. Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында тұман болады.
Түнде облыстың оңтүстігінде жел 15-20 м/с құрайды. Қарағанды облысының солтүстігінде және оңтүстігінде тұман күтіледі.