05 Наурыз, 2014

Олар қоғамымыздың тең құқылы мүшелері

313 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

logo JPGҮстіміздегі жылы «Кедергісіз келешек» жобасы шеңберінде

мүгедектерге арналған 5 мың жұмыс орны құрылады

«Нұр Отан» партиясының 15 жылдығы күні өткен Республикалық қоғамдық қабылдауда Мемлекет бас­шы­сының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» халық­қа Жолдауындағы беріл­ген тапсырмаларды орын­дау мақсатында мүмкін­дігі шектеулі жандарға әлеу­меттік қолдау көрсету мәсе­лесіне арналған селекторлық кеңес өтті. «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сапасын арттыруға бағытталып отыр. Аталған жобаны төрт бағыт бойынша жүзеге асыру жоспарланған: мүгедектерді тұрақты еңбек орнына жұмысқа тұрғызу; мүмкіндігі шектеулі адамдарға жағдай жасау; қоғам мен биз­нестің назарын мүгедектердің мәселесіне аударуға бағытталған тұрғындарды ақпараттандыру жұмысын күшейту; мүгедектердің құқығын тиімді жүзеге асыратын құқықтық алаң құру. IMG_2695 Жоба шеңберінде 2014 жылдың соңына дейін 5 мың мүгедекті жұмысқа орналастыру қарастырылған. Оның сыртында, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен әкімдіктердің ақпаратына сәйкес, үстіміздегі жылы 5 мың мүгедекті жұмысқа тұрғызатын еңбек орны құрылады. «Кедергісіз келешек» жобасы іске қосылған бірінші айда 1300 мүгедекке жұмыс табылды. Мысалы, таяуда ғана Тараз бен Павлодар қаласында өткен бос орындардың жәрмеңкесінде мүмкіндігі шектеулі 600 адам жұмыспен қамтамасыз етілді. Жалпы, үстіміздегі жылы еліміздің барлық аймақтарында мүге­дектерге арналған 440-қа жуық бос орындардың жәрмеңкесі өтеді. Олардың негізінде «Нұр Отан­ның» алғашқы партиялық ұйым­дары құрылған мекемелерде 14,5 мыңға жуық мүгедек еңбек етеді. Ондағы мүгедектердің санын бел­гі­ленген 3% квотаға дейін жеткі­зу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда әлеуметтік және көлік инфрақұрылым нысан­дарының 83%-ға (15,5 мың) жуы­ғы мүгедектерге қолжетімді емес. «Нұр Отан» партиясының аймақ­тық филиалдары ол жақтағы ны­сан­­дар­ды құжаттау мен бейім­деу мони­то­рин­гі жұмысын бастап кетті. Қазақстанда 630 мыңға жуық мүгедек өмір сүреді. Бүгінгі таңда жұмыс істей алатын жастағы 405 мың мүгедектің 20%-дан астамы (83 мың адам) жұмысқа орналасқан. Солай бола тұра, 17 мың мүгедектің жұмыс істей алатын қабілеті бар. «Егемен-ақпарат».
Соңғы жаңалықтар

Түтінге тұншыққан Өскемен

Аймақтар • Бүгін, 08:50