Елбасы • 08 Желтоқсан, 2021

Елбасы Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасын қабылдады

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан Президенті Әкімшілігінің Басшысы – Министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаровты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елбасы Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасын қабылдады

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Қырғызстанның бауырлас халықтарының тарихи жақындығын атап өтті. Қазақстанның Тұңғыш Президенті екі мемлекет арасындағы мәдени-гуманитарлық байланысты нығайта түсудің маңыздылығына назар аударды.

Осы орайда Елбасы Қырғызстан жастарының еліміздегі жоғары оқу орындарында білім алуы үшін грант бөлу мүмкіндігі туралы айтты. Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Қырғызстан халқына әрдайым қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін алғысын білдіріп, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың ізгі тілегін жеткізді.

Сонымен қатар Ақылбек Жапаров Тұңғыш Президенттің басшылығымен тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның қол жеткізген табыстарына ерекше тоқталып, Елбасының екі ел халықтары арасындағы тату көршілік қарым-қатынасты нығайтуға қосқан зор үлесін атап өтті.