Аймақтар • 09 Желтоқсан, 2021

Балық па, әлде жылан ба?

1752 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрманғазы ауданындағы әуес­қой балық­шылар өзгеше су маржанын ұс­тады. Олар Ша­рон өзенінің жағасынан ескі етіктің сыңарын тауып алған. Ал етіктен жыланға ұқсас балық шыққан.

Балық па, әлде жылан ба?

– Бұрын дәл мұндай балықты кездестірмеген едік. Денесінде өзге ба­лық­тарға тән қабыршақ жоқ. Бірақ шырышты болады екен. Бір қарағанда жыланға ұқсайтын тәрізді. Сол себептен, бастапқыда мұны жылан деп ойладық. Кейіннен жойылып бара жатқан балықтың түрі екенін білдік. Мұндай ба­лық «Қызыл кітапқа» ен­гізілген. Ғаламтордағы ақпаратқа қарағанда, ба­лық­тың бұл түрі Ресей мен Финляндияның, Лат­вия мен Швецияның, Эс­тонияның су айдындарын­да ғана кездеседі. Ал біз­дің Шарон өзеніне қалай келгені белгісіз, – дейді тә­жірибелі балықшы Дми­трий Соколинский.

Оның айтуынша, жы­ланға ұқсайтын ба­лықтың ұзындығы 10-100 см ара­лығында болуы мүмкін. Бұл балықтан адам­ға ешқандай қауіп төн­бейді.

 

Атырау облысы