Қазақстан • 09 Желтоқсан, 2021

Әлихан Смайылов ең төменгі жалақыны көтеру мүмкіндігі туралы айтты

494 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов ең төменгі жалақы мөлшерін арттыру мүмкіндігі туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлихан Смайылов ең төменгі жалақыны көтеру мүмкіндігі туралы айтты

«Бұл мәселені Премьер-Министрдің басқа орынбасары қарастырады. Бірақ бұл мәселе бойынша арнайы шешім қабылданған жоқ. Бұл биылғы жылдың басында қабылданған жеткіліктіліктің ең төменгі шегін есептеу әдістемесінде болды», деді Әлихан Смайылов.

Ол өз сөзінде жеткіліктіліктің ең төменгі шегі ең төменгі жалақыға байланысты болатынын жеткізді.

«Өздеріңіз білетіндей, ЕТЖ шамамен 41%-ға өсті, тиісінше, бұл жеткіліктілік шегінің өсуіне де әкелді. Жеткіліктілік шегін арттыру қандай да бір соманың қолжетімсіз болатынын білдіреді», деп қосты Премьер-Министрдің орынбасары.