Нұр-Cұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында қала тұрғындарының азаматтарды қабылдау кезінде қандай сұрақтар қоятынын айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Биыл әріптестерімізбен бірге 5 мың қала тұрғынын қабылдадық. Сұрақтардың бір бөлігін қабылдау барысында шешсек, қалғандарын назарымызға аламыз. Бүгін онлайн-қабылдауда тағы 14 отбасы қабылданды. Проблемаларды шешуге жүйелі негізде қараймыз. Келіп түскен мәселелерді, қала тұрғындарының ұсыныстарын ескере отырып, елорданы дамыту жоспарына енгіземіз. Мәселен, негізінен әлеуметтік тұрғын үй, мектептер, медициналық орталықтар салу, аудандарды абаттандыру, газдандыру, ұзақ құрылыстарды аяқтау және т.б. мәселелер түседі», деп жазды Елорда әкімі.
Сондай-ақ, Алтай Көлгінов әлеуметтік салада жүргізіліп жатқан құрылыс барысын да айтып өтті.
«Президенттің тапсырмасы бойынша әлеуметтік нысандар құрылысының көлемін жыл сайын арттыру бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Мәселен биыл 10 мың әлеуметтік пәтер, 40 мың оқушы орнына арналған 15 мектеп, 200 аула және қоғамдық кеңістіктер (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) салынды, «үй маңындағы дәрігер» нысандарын, дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін аштық, 9 елдімекенде газ тарату желілері салынып, іске қосылды, құрылысы ұзаққа созылған 57 үй аяқталмақ және т.б.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында өзара байланысты нығайтуға әлеуметтік орталықтар көмектеседі. Олардың қатарында «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы, тұрғын үй саласында қызмет көрсететін бірыңғай орталық, iQala орталығы, жастарға қызмет көрсету орталығы бар. Жалпы алғанда, тек биылдың өзінде аталған орталықтар қала тұрғындары тарапынан түскен 150 мыңға жуық өтінішті өңдеді.
Елорданы «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары аясында дамытып жатырмыз, оған сәйкес аудандарды орталықтандырып дамытудамыз. Бұл - әлеуметтік нысандар, аулалар/қоғамдық кеңістіктер және т.б. қадамдық қолжетімділікте орналасуы», деп жазды Алтай Көлгінов.
Елордада субұрқақтан энтеровирус анықталды
Елорда • Кеше
Мақтаарал тұрғыны ауласынан адам сүйегін тауып алды
Оқиға • Кеше
Өскеменде 4,3 млн теңге жымқырған есепші ұсталды
Оқиға • Кеше
Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы жаңа форматта өтті
Үкімет • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Мемлекеттік баға реттеу мәселелері туралы заңға өзгерістер енгізілді
Президент • Кеше
Биыл Шымкентте 51 үй пайдалануға беріледі
Аймақтар • Кеше
Ақсу электр станциясында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Кеше
Қоғам • Кеше
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Кеше
Перуде лай көшкінінен 150 үй қирады
Әлем • Кеше
Қазақстанда жинақ салымдары бойынша ең жоғары мөлшерлеме өсті
Экономика • Кеше
Алматыда қоршауға өрмелеген 8 жасар баланы тоқ соқты
Оқиға • Кеше
Қаржы • Кеше
Екібастұзда алаяқтық жасаған күдіктілер ұсталды
Оқиға • Кеше
Үндістанда су тасқынынан 14 адам қаза тапты
Әлем • Кеше
Нұр-Сұлтан мен Алматы студенттер үшін ең үздік қала қатарына қосылды
Қазақстан • Кеше
Қазақстан сыртқы саясатының негізгі бағыттары аталды
Қазақстан • Кеше
Биыл Қазақстанда қандай халықаралық іс-шаралар өтеді
Қазақстан • Кеше
Грек-рим күресінен ел чемпиондары анықталды
Күрес • Кеше
Шетел азаматтары медициналық тексерістен қалай өтеді
Медицина • Кеше
Жалдамалы жұмысшылардың жалақысы 17 пайызға өсті
Қоғам • Кеше
Есірткімен ұсталған ақтөбелік 10 жылға сотталды
Аймақтар • Кеше
«Сары» аймаққа кірген жағдайда карантин күшейтіледі
Коронавирус • Кеше
Ұқсас жаңалықтар