05 Наурыз, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №176

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
 2014 жылғы 4 наурыз,  Астана, Үкімет Үйі Ресей Федерациясынан мұнай және мұнай өнімдерін жеткізудің кейбір мәселелері туралы 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Респуб­ликасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг» акционерлік қоғамы Ресей Федерациясына мұнайды қарсы жеткізу жөніндегі оператор-компания болып белгіленсін. 2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі: 1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігімен бірлесіп мұнай өнімдерінің 2014 жылға арналған индикативтік теңгерімі негізінде мұнай өнімдерінің көлемін, жеткізу мерзім­дерін белгілей отырып, оларды жеткізу кесте­лерін бекітсін; 2) «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акцио­нерлік қоғамымен (келісім бойынша) бірлесіп, мұнай өнімдерін жеткізу кестелеріне сәйкес мұнай өнімдерінің 2014 жылға арналған индикативтік теңгерімінде көзделген көлемде мұнай өнімдерін Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына әкелу бойынша қажетті шараларды қабылдасын; 3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігімен, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігімен және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамымен (келісім бойынша) бірлесіп, мұнай өнімдерін жеткізу кестелеріне сәйкес мұнай өнімдерін жеткізуге бақылау мен мониторинг жасауды қамтамасыз етсін; 4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қол­данысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.