Аймақтар • 09 Желтоқсан, 2021

Алматыда заңсыз жүрген өзбекстандықтар анықталды

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстаннан келген 20 азамат Алматыдағы құрылыс алаңында заңсыз жұмыс істеген, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда заңсыз жүрген өзбекстандықтар анықталды

Алматы қаласында тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзу фактілерін анықтау мақсатында өткізілген «Келімсек» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы барысында, көрші мемлекеттен заңсыз келгендер анықталды.

«Бостандық ауданында орналасқан Архат шағын ауданындағы тұрғын үй кешенінің аумағында Өзбекстаннан келген құрылыс бригада жұмыс істеген. Олар, жұмыс берушілері сияқты, еліміздің қолданыстағы көші-қон заңнамасын бұзып, сол үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды және ПД-нің қабылдап-тарату орталығына орналастырылды. Кейін сот шешімімен шетелдіктер Қазақстаннан шығарылады», деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.