Аймақтар • 09 Желтоқсан, 2021

Қарағандыда Октябрь ауданына Әлихан Бөкейхан есімі берілді

4803 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандыда Октябрь ауданы атауы өзгертілді. Енді ауданға Алаш үкіметінің жетекшісі Әлихан Бөкейханның есімі беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағандыда Октябрь ауданына Әлихан Бөкейхан есімі берілді

Бүгін Қарағандыда облыстық мәслихаттың кезекті IX сессиясы өтіп, оның барысында Октябрь ауданының атауын өзгерту мәселесі қаралды. Сессия жұмысына аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек қатысты. Депутаттар мен әкімдік бірлесіп шығарған шешім бойынша, Октябрь ауданы атауы өзгертілді.

«Сессияда Октябрь ауданына Әлихан Бөкейхан есімін беру туралы бұрын дайындалған әкімдік пен мәслихат қаулысы қаралды. Енді аудан Әлихан Бөкейхан ауданы болып аталмақ. Тиісті құжаттар Әділет министрлігіне тіркеуге жіберілді», деді Қарағанды ​​облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқарма өкілі.

Айта кетейік, биыл наурызда Қарағандыда Октябрь ауданының атауын өзгерту бойынша қоғамдық тыңдаулар өткен болатын. Тыңдаулар қаланың әртүрлі бөлігінде 15 жерде өтті. Атын өзгерту туралы шешім көпшілік дауыспен бекітілді.