Аймақтар • 10 Желтоқсан, 2021

Балықшылар Арал теңізіне батып кетті

488 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында Арал теңізіне балық аулауға шыққан екі адамның қайығы аударылып, өздері суға кетті, деп хабарлайды Egemen.kz «Сыр бойы» басылымына сілтеме жасап.

Балықшылар Арал теңізіне батып кетті

Оқиға Арал ауданына қарасты Ақеспе елді мекені тұсындағы Арал теңізінде болған.

«Аталған ауылда тұратын 1969, 1971 жылғы азаматтар балық аулауға шыққан. Белгісіз себеппен қайығы аударылып, екеуі суға кетті. Олардың жансыз денесін бірге жүрген өзге адамдар жағаға алып шыққан», деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің бас маманы Айгүл Нұрманова.

Арал ауданы әкімдігінің хабарлауынша, екі азамат балық аулау ісімен айналысқан. Олардың мәйіттері отбасыларына жеткізілді.