Қазақстан • 10 Желтоқсан, 2021

Зейнетақыны пайдалану мерзімін ұзарту туралы қаулы дайындалды

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе емделуге ақы төлеу мақсатында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін мақсатты пайдалану жөніндегі Үкімет қаулысына толықтыру енгізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Зейнетақыны пайдалану мерзімін ұзарту туралы қаулы дайындалды

«Тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу мақсатында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін нысаналы пайдалану жөніндегі уәкілетті операторларды айқындау туралы» Үкімет Қаулысы 2021 жылғы 6 қаңтарда қабылданды.

«Зейнетақы жинақтарының ең аз жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесіне сәйкес 2021 жылға есептелген зейнетақы жинақтарының ең аз жеткіліктілік шегі 2022 жылғы 1 сәуірге дейін қолданылады деп белгіленсін», делінген толықтыруда.

Түсіндірілгендей, бұл норма зейнетақы жинақтарының ең аз жеткіліктілік шегін анықтау әдістемесіне сәйкес 2022 жылға есептелген зейнетақы жинақтарының ең аз жеткіліктілік шегін қолданысқа енгізуді кейінге қалдыру мақсатында енгізіледі.

Қаулы жобасы 27 желтоқсанға дейін жария талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған.

Еске сала кетсек, 9 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы жеткіліктілік шектерінің қолданылу мерзімін 2022 жылғы 1 сәуірге дейін ұзартуды тапсырды.

Бұл өздерінің нормативтен тыс жинақтарын пайдалануға үлгермеген азаматтарды қолдау үшін жасалды.