Аймақтар • 10 Желтоқсан, 2021

Ақтөбеде құжаты жоқ әскери көлік табылды

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбедегі Россовхоз кентінің аумағында қандай да бір жауынгерлік элементтері мен құжаттары жоқ БТР-60 бронетранспортері табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбеде құжаты жоқ әскери көлік табылды

Әскери көлік облыс тұрғынына тиесілі екендігі анықталды.

Оның айтуынша, ол БТР-ді 2000 жылдары белгісіз адамнан сатып алған, кейін оның қажеті болмағандықтан оны сатуға шешім қабылдаған.

Материал ҚР ҚК 386-бабы 1-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркелді, тергеу жүргізілуде.

БТР Ақтөбедегі коммуналдық автотұраққа қойылды.