Аймақтар • 10 Желтоқсан, 2021

660 кило есірткі тәркіленген

735 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының полицейлері 11 айда 660 кило есірткі тәркілеген, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

660 кило есірткі тәркіленген

11 айдың қорытындысы бойынша Алматы облысының аумағында есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты 422 қылмыстық құқық бұзушылық анықталған. Оның ішінде есірткі заттарын өткізудің 74 фактісі, аса ірі мөлшерде сақтаудың 29 фактісі тіркелген. Ауылдық жерлерде атқарылған жұмыстардың нәтижесінде есірткі қылмысымен күресушілер 15 есірткі егушіні жойды. Қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары есірткіні медициналық емес мақсатта қолданудың 100 фактісін анықтаған. Есірткі заттарын шағын және ірі мөлшерде сақтаудың 184 фактісі құжатталған. Жалпы алғанда заңсыз айналымнан 660,8 кг түрлі есірткі құралдары тәркіленген. Оның ішінде 336 гр героин, 592,6 кг марихуана, 50,8 кг гашиш және 13,8 кг синтетикалық есірткі заттары бар.