Елорда • 11 Желтоқсан, 2021

Елордада әлеуметтік маңызы бар мамандық өкілдері марапатталды

237 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында әлеуметтік маңызы бар мамандық иелері үшін концерт өткізіліп, «Алтын жүректі жандар» мүсіншелерімен марапатталды. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада әлеуметтік маңызы бар мамандық өкілдері марапатталды

«Әр заманның өз батырлары бар. Осы және өткен жыл оңай болған жоқ. Артылған жүктеме мен тәуекелдер еселеп өсті, алайда дәрігерлеріміздің, тәртіп сақшыларының, құтқарушылардың, еріктілердің қажырлы еңбегінің арқасында мыңдаған адамның өмірін құтқару мүмкін болды.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында әлеуметтік маңызы бар мамандық өкілдерінің құрметіне концерт ұйымдастырылып, оларға «Алтын жүректі жандар» мүсіншелері табыс етілді. Олардың қатарында медицина қызметкерлері, педагогтер, ТЖД, полиция департаментінің қызметкерлері, коммуналдық қызметкерлер, еріктілер, журналистер бар.

Мысалы, марапатталғандар арасында жедел жәрдем жүргізушісі Еркін Көксеген бар. Ол пандемия кезінде мыңнан астам науқасқа көмектесті; Марина Макиенко - «қызыл аймақта» алғашқылардың бірі болып жұмыс істеген, Ернұр Маратұлы - тәжірибелі анестезиолог–реаниматолог, медицина саласында 25 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді.

Асан Балтабаев әйелді балаларымен бірге оттан құтқарды, ал Алмаз Құлтанов суға батып бара жатқан әйелді құтқарды.

Сондай-ақ, күн сайын біздің қалалықтардың өміріне араша түсетін құтқарушылар/өрт сөндірушілердің; пандемия кезінде балаларымызды қашықтан оқытып, материалды меңгеруге, балалар үшін маңызды емтихандарға дайындалуға көмектескен мұғалімдердің; бетперде, дәрі-дәрмек таратқан еріктілердің еңбегі атап өтілді.

Мұндай мысалдар көп. Әлеуметтік маңызы бар мамандық иесінің әрбірі — батыр. Еңбектеріңіз бен кәсіби шеберліктеріңіз үшін алғыс айтамын!

Біз өз тарапымыздан қолайлы жұмыс істеу үшін жағдай жасау: тұрғын үй мәселесі, жалақыны арттыру, материалдық-техникалық базаны жаңарту және т. б. бойынша жұмысты жалғастырамыз», деп жазды Алтай Көлгінов.