Оқиға • 11 Желтоқсан, 2021

Изолятордағы кісі өліміне байланысты полицияның лауазымды тұлғалары жұмыстан босатылды

1144 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл жайында Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетов Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Изолятордағы кісі өліміне байланысты полицияның лауазымды тұлғалары жұмыстан босатылды

«Ұсталғандардың автокөлігінен көлік ашуға арналған техникалық құралдар, радиостанциялар, маңдайшамдар мен қолғаптар табылып, тәркіленді. Күдіктілерді ұстау кезінде полиция қызметкерлері дене күшін қолданған. Күдіктінің біреуі ғимаратта өзін нашар сезініп, жедел жәрдем келген уақытта медицина қызметкерлері оның қайтыс болғанын нақтылаған», деді Е.Жұмаханбетов.

Сондай-ақ, полицияның лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғалып, объективтілік мақсатында арнайы прокурорлар департаменті тергеп жатқандығын жеткізді.

«Осы факті бойынша жүргізілген қызметтік тергеу ұстауға қатысқан қызметкерлер және олардың іс-әрекетіне бақылауды қамтамасыз етпеген басшылары ішкі істер органдарынан шығарылды. Сонымен қатар, олардың қылмыстық істі тергеу шеңберіндегі іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі», деді ол.

Істің мән-жайын анықтау үшін Шымкент қаласына ІІМ-нен министрдің орынбасары бастаған комиссия келді.