Спорт • 11 Желтоқсан, 2021

Боксшы Талғат Шайкен әлем чемпионы атанды

363 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда өтіп жатқан бокс кешінде Қазақстан спортшысы әлем чемпионы атанды, деп жазады Egemen.kz.

Боксшы Талғат Шайкен әлем чемпионы атанды

21 жастағы қазақстандық боксшы Талғат Шайкен (6-0, 4 КО) жартылай орта салмақтағы WBC тұжырымы бойынша жастар арасындағы әлем чемпионының «иесіз» белбеуі үшін украиналық Владимир Гордиенкомен (9-3, 4 КО) жұдырықтасты.

Он раундтық жекпе-жек төрешілердің бірыңғай шешімі бойынша қазақстандықтың жеңісімен аяқталды. Осылайша, Талғат Шайкен кәсіпқой бокс рингінде жетінші жеңісіне жетіп, WBC тұжырымдамасы бойынша Жастар арасныдағы әлем чемпионы атанды, Ал Владимир Гордиенко осымен төртінші рет жеңіліп отыр.

Алматыдағы бокс кешінің негізгі жекпе-жегінде тағы бір отандасымыз Қамшыбек Қоңқабаев (3-0, 3 КО) және Стивен Уордпен (13-1, 4 КО) WBA Gold белдігіне таласады.