Спорт • 12 Желтоқсан, 2021

UFC чемпионы Аманда Нуньес сенсациялық жеңіліске ұшырады

343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екі салмақ дәрежесіндегі чемпион Аманда Нуньес Лас-Вегаста өткен UFC 269 турнирінде сенсациялық жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

UFC чемпионы Аманда Нуньес сенсациялық жеңіліске ұшырады

33 жастағы файтер бұған дейін жеңіл салмақтағы белбеуін қорғап, қатарынан 12 рет жеңіске жеткен еді. Оған қоса, жеңіл салмақ дәрежесінде титулын сақтап қалды. Бұл оның 2021 жылдың басынан бергі екінші жекпе-жегі.

Алайда екінші раундта 32 жастағы америкалық Джулианна Пенья абсолют фаворит Нуньесті қылғындыру әдісімен жеңіп кетті. Осылайша, жекпе-жек ешкім күтпеген нәтижеде аяқталды.