Бүгінгі кездесуде қазақстандық хоккейшілер сәтті ойын көрсетті. Нәтижесінде Абай Маңғысбаев 1-минутта мергендік танытса, Всеволод Логвин 18-минутта есепті еселеді.
Ал екінші кезеңнің 25-минутында Қазақстан құрамасының басымдығын арттыра түсті. Бұдан кейін венгриялық хоккейшілер бір шайбамен жауап қайырды. Осылайша Қазақстан жастары қарсыласын 3:1 есебімен жеңді.
Енді еліміздің жастары 13 желтоқсанда Норвегияға қарсы мұз айдынға шығады.