Биыл футзалдан Қазақстан командасы әлем чемпионатының жартылай финалына шыққан болатын. Біздің команда әлемдік додадан төртінші орын иеленіп, тарихи нәтиже тіркеді.
«Біз үшін бұл жүлдені алу үлкен құрмет! Біздің басшылыққа және «Қайрат» клубына рахмет! Олар біздің халықаралық аренаға шығуымызға мүмкіндік берді. Жанкүйерлер қолдауына рахмет! Біз басқа командалар да жанкүйерлерді қуантып, осындай нәтиже көрсете алады деп сенеміз. Сенім білдіргендеріңіз үшін рахмет! Тағы да алғыс айтамын», деді команда бас бапкері Пауло Рикардо Кака.