Оқиға • 13 Желтоқсан, 2021

Маңғыстауда вагон өртеніп кетті

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау ауданының бесінші разъезд аумағында вагон өртеніп кетті. Бұл туралы Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Александр Алексеев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстауда вагон өртеніп кетті

Бұл туралы Lada.kz сайты мәлім етті.

Төтенше жағдайлар департаментіне 12 желтоқсанда сағат 18.12-де теміржолда вагон жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Өртті ауыздықтау үшін Бейнеу станциясының ҚТЖ-нан бір өрт пойызы мен 16 қызметкер жұмылдырылған. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет сағат 19.00-де өртті сөндірген.

Оқиғаның себебі мен келтірілген материалдық шығын анықталып жатыр. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт сөндіру жұмыстарына «Өрттен қорғау қызметі 2012» МЕӨҚҚ (екі дана техника және тоғыз қызметкер) және «Жалын өрт сөндіруші» МЕӨҚҚ (бір бірлік техника және үш қызметкер) жұмылдырылған. 

Өңірдің ТЖД мәліметінше, пойыз жолаушылар пойызы емес, ол теміржолдарды жөндеуге арналған.