Спорт • 13 Желтоқсан, 2021

Нидерландтан ойсырай ұтылды

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Гандболдан Испанияда өтіп жатқан әлем чемпионатының кезекті тур ойынын Қазақстанның әйелдер құрамасы Нидерландтың қол добы шеберлеріне қарсы өткізді.

Нидерландтан ойсырай ұтылды

Бұл бәсекеде Қызғалдақтар елі өкілдерінің жеңіске жететініне күмәнданғандар кемде-кем еді. Себебі соңғы кездері спорттың бұл түрі аталған мемлекетте өте қарқынды дамуда. Атап айтсақ, олар 2015 жылы әлем чемпионатында күміс алса, 2017 жылы қолаға қол созды. Ал 2019 жылы Жапонияда әлем чемпионы атанды. 2016 жылғы Еуропа біріншілігінің финалында өнер көрсетсе, 2018 жылы қола медальды иеленді. Осындай азулы қарсыласқа біздің қыздар еш қайрат көрсете алған жоқ. Испанияның шығысында орналасқан Кастельон қаласында өткен бұл кездесуде жерлестеріміз 15:61 есебімен ойсырай ұтылды.

Енді негізгі раундтағы өзінің соңғы бәсекесін Қазақстанның гандболшылары бүгін Пуэрто-Рико құрамасына қарсы өткізеді.