Осының алдындағы турда Кубада жергілікті қабыландардан 0:5 есебімен ұтылып қайтқан Astana Arlans командасы Бүкіләлемдік серияның 10-турында 1 наурыз күні Алматыда Poland Hussars боксшыларын қабылдап, 4:1 етіп ұтты.
Кездесуді 52 килоға дейінгі салмақтағы Ілияс Сүлейменов пен Гжегож Козловски бастады. Нәтижесінде бірінші раундта төрешілер түгелдей 10:9 есебімен басымдықты алаң иесіне берді. Бұдан кейінгі екі раундта осы есеп қайталанды. Соңғы екі раундта да оның басымдығы ешкімнің күмәнін туғызбады. Қазақстандықтар осылай алға шықты – 1:0!
Бұдан кейін рингке бізден серияның дебютанты – Ғани Жайлауов шықты. 60 килоға дейінгі салмақтағы ол Давид Павел Михелус есімді қарсыласқа тап келді. Бірінші раундта аздаған артықшылық танытқан біздің жігіт, үшінші раундтан бастап тізгінді бермеді.
Үшінші болып рингке көтерілген әлем чемпионы 69 килоға дейінгі салмақтағы Данияр Елеусінов өзінің Бүкіләлемдік сериядағы дебютін жеңіспен аяқтап қана қойған жоқ, сонымен бірге, өз боксшыларының кездесуде ұтысқа қол жеткізуін қамтамасыз етті. Ол қонақтар сапындағы легионер Жора Симонянды емін-еркін ұтты. Шамамен үшінші раундта-ақ оның жеңіске жетіп тұрғаны айдан анық болды. Есеп – 3:0! Енді бұдан кейінгі жігіттеріміздің жүктері жеңілдеді.
Бұл жеңісті 81 килодағы Әділбек Ниязымбетов одан әрі көтеріп әкетті. Ол 19 жасар Касиуш Зычиньскиді екі рет нокдаунға түсіріп, айқын басымдықпен тізе бүктірді. Ал алаң иелері сапындағы жеңілісті армян легионері Армен Симонян өз есебіне жазды. 91 килодан ауыр салмақтағы боксшы қазақстандық команда құрамындағы тұсаукесер кездесуін жеңіліспен бастады. Ол поляктар сапындағы белорус легионері Сергей Вервейкодан ұтылды.
Сөйтіп, есеп 4:1 болды. Енді Astana Arlans осы жеңістен кейін өз тобында кубалықтардан кейінгі екінші орынға орнықты. Осымен ол плей-офф турниріне де жолдама алып отыр. Серияның қазіргі жеңімпазы болып табылатын оның сол жеңіс үшін әлі де күресуіне болады.
Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.
АЛМАТЫ.

Қарағандыда шатырдан кірпіш құлап, 3 жастағы бала зардап шекті
Оқиға • Бүгін, 19:20
Павлодарда жер опырылып, екі жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 19:00
Қарашығанақ жобасы: газ жеткізу мен баға мәселесі талқыланды
Қазақстан • Бүгін, 18:40
Алматыда дәстүрлі V Фараби форумы қорытындыланды
Форум • Бүгін, 18:12
Рае Квон Чун: Қазақстан климаттық сын-қатерлерді жаңа мүмкіндіктерге ұштастырып отыр
Ғылым • Бүгін, 18:03
Астанада Ә.Бөкейхан көшесінен №9 қалалық емханаға дейінгі жол бірнеше айға жабылады
Елорда • Бүгін, 17:51
Перизат Қайраттың Mercedes-Benz көлігі Астана полициясына берілді
Оқиға • Бүгін, 17:43
Шетелдік автосаяхатшы Алматының көрікті жерлерін аралады
Туризм • Бүгін, 17:12
Гимнасшылар Хорватиядан үш жүлдемен оралды
Спорт • Бүгін, 17:03
ЖИ көмегімен жасалған мультфильм кинотеатрдан көрсетілді
Қоғам • Бүгін, 16:53
Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады
Президент • Бүгін, 16:41
Президент Қазақстанның Корея мен Мьянмадағы елшілерін тағайындады
Тағайындау • Бүгін, 16:32
Жеңісбек Төлен: Ғылым маңызды салаға айналды
Ғылым • Бүгін, 16:16
Петропавлда 2 жасар бала терезеден құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 16:05