Қоғам • 13 Желтоқсан, 2021

Ерлан Тұрғымбаев ІІО қызметкерлерін марапаттады

405 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ішкі істер органдары қызметкерлерін марапаттады. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ерлан Тұрғымбаев ІІО қызметкерлерін марапаттады

«Тәуелсіздік күні қарсаңында Ішкі істер министрі ардагерлерді, Алматы гарнизонының қызметкерлерін – полиция және қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің, қала күзет қызметінің, Алматы академиясы мен ІІМ Кинологиялық орталығының өкілдерін және Ұлттық ұланның әскери қызметшілерін марапаттады.

ҚР Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл« медалімен Алматы гарнизонының 70-тен астам қызметкері, сондай-ақ ішкі істер органдары мен Ұлттық ұланның ардагерлері марапатқа ие болды. Бірқатар қызметкерге үлгілі қызмет атқарғаны және қызметтік борышын мінсіз орындағаны үшін ведомстволық наградалар, сондай-ақ мерзімінен бұрын атақтар берілді», деді Нұрділдә Ораз Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі алаңында өткен брифинг барысында.

Оның айтуынша, Ерлан Тұрғымбаев мемлекеттің тұрақтылығын, азаматтардың қауіпсіздігі мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуде министрлік ардагерлерінің атқаратын рөлі ерекше екенін атап өтті.

Сондай-ақ ол ардагерлерге ішкі істер органдары жүйесінің қалыптасуы мен дамуына, жас мамандарды тәрбиелеуге қосқан үлестері үшін алғыс айтты.

«Елдің даму кезеңдерінде ішкі істер органдарына маңызды рөл берілді. Біздің әрқайсымыз азаматтардың тыныштығын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – біздің кәсіби парызымыз екенін түсінуге міндеттіміз. Еліміздің ішкі қауіпсіздігі біздің жүйеміздің және оның әрбір қызметкерінің қызмет нәтижелеріне байланысты», деп атап өткен Ерлан Тұрғымбаев.