Жеңіл салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы Кэти Тейлордан жеңілген Фируза Шарипова барлық есептесулерді қосқанда 660 мың доллар табыс тапқаны мәлім болды. Бұл жекпе-жектің сатылымынан және ақылы трансляциядан түскен қаржы есебінен мүмкін болып отыр.
Бұған дейінгі жекпе-жектерінде ең үлкен сыйақысы 50 мың долларға жеткен Шарипова осы жолы өз табысын он үш есеге арттырды.