Елорда • 13 Желтоқсан, 2021

«Қазақстандық оқулықтардағы Корея туралы контент» тақырыбында семинар өтті

365 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда Кореяның Қазақстандағы Елшілігінің ұйымдастыруымен «Қазақстандық оқулықтардағы Корея туралы контент» тақырыбындағы халықаралық семинар өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстандық оқулықтардағы Корея туралы контент» тақырыбында семинар өтті

Семинарға ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің бас маманы Гүлмира Кульсариева, Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының директоры Елдос Нұрланов, Кореяның Қазақстандағы Елшісінің орынбасары, министр-кеңісші Чой Дэхун, Корейтану зерттеу орталығының ғылым докторы Джаң Ги Хоң, оқулық авторы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің профессоры Нұржамал Алдабек, 11-сыныпқа арналған «География» оқулығының авторы, елтану, география және экология кафедрасының профессоры Бахадүрхан Әбдіманапов, BMSO мамандары, педагогтер мен баспа үйлерінің өкілдері қатысты.

Іс-шара қазақ және корей тілдерінде ұйымдастырылды. Жиын модераторы болған Елдос Болатханұлы алғашқы сөз кезегін Кореяның Қазақстандағы Елшісінің орынбасары, министр-кеңісші Чой Дэхунге ұсынды.

Спикер ұйымдастырушыларға алғыс айтып, бұл семинардың мақсатына тоқталып өтті. Сондай-ақ Қазақстанмен білім-тәжірибемен алмасуға ниетті екенін білдірді.Е

«Корея Республикасының Ғылым министрлігі шетел оқулықтарына зерттеу жүргізуді 2003 жылы қолға алды. Сол уақыттан бері 139 елдің 5 200-ге жуық оқу басылымында Корея контенті қалай беріліп келгенін зерделеп, қажет болса түзетулер енгізді. Қазіргі таңда Қазақстан оқулықтарындағы деректерді саралау мақсатын қойдық. Корея мен Қазақстан арасында эмоционалдық ұқсастық бар. Осындай өзара түсіністікті арттырған жөн. Екі ел тарапының оқулық әзірлеу және сараптау процестері бойынша тәжірибе алмасуының маңызы жоғары», деді Д. Чой.

Жиын соңында BMSO директоры Елдос Болатханұлы Елшілікке қазақ мәдениеті мен салт-дәстүрінен танымды да тағылымды мәлімет ұсынатын кітаптар тарту етті.