Торыңа түстім, ойнадың, сен тойғанша сайрадым.
Өткен соң жұрттың өткелін: «Сендей бұлбұл көп»,
– дедің.
«Көлімді тастап, теңізге ұша алмаймын, жоқ»,
– дедің.
Алдымды Аллам біледі-ай, өзіме аян өткенім.
Бір шумаққа бүтін бір тағдыр сыйып тұр. «Оқтаулы ақ берен», «ұшқан құс», «тор», «ойнау», «сайрау», «жұрт өткен өткел»... Ең аяғында «көлімді тастап, теңізге ұша алмаймын, жоқ» деп жалт беру. Тауқыметін ақынжанды адамдар ғана сезе алатын тағдырлы ән осылай өрнектелсе керек-ті. Қайырмасы:
Болмысы бөтен құс едім, теңім-ау сен де текті едің.
Кінәлі сезім, сонан соң, кеш гүлдеген көктемім.
Уыстап беріп уыңды, ұнатқаның неткенің?
Жарда тұрған тағдырды құлатқаның неткенің?
Жұбату үшін келдім деп, жылатқаның неткенің?
Ғашықтар жүрегіндегі сезімге бәлен-түген деуге болмайды. Тәртіпке бағынып, сызылып тұрса, ғашық ғашық бола ма, құдай-ау?!. Махаббаттың жібек жібіне маталғандар ұрсып тұрып татуласқысы келеді, кінәлап тұрып кешіргісі келеді, қайғырып тұрып қуанғысы да келеді. Жек көріп тұрып жақсы да көріп кетеді, жылап тұрып күле де салады. Әннің қайырмасына айналған мына шумақтан мен өз бетін өзі тырнап, өз шашын өзі жұлып долданған бетбақтың бейнесін көрмегеніме қуандым. Кінәлі... сезім екен. Жақсы. Оған кеш гүлдеген махаббат-көктем де «үлес» қосыпты. Болды. Әрі қарай «уыстап берген уға» да, «жарда тұрған тағдырды» құлатқанына да бейіл таныс та бейтаныс бейне тыңдарманды ақыл-парасатының биігіне өзімен бірге самғатып ала жөнеледі.
Мен үшін уайым шекпедің,
сезімнен мықты деп пе едің?
Жағасын тістеп, шыдадым, төзімнің киіп шекпенін.
Өзіңмен өтті-ау көп керім,
жарқ еткен кезім, сәттерім.
Уақыт – емші, жазылар, орны нала-өкпенің.
Өткенді қалдым парақтап,
бітірмей кеткен мектебім.
Жадағай, жұтаң немесе жалт-жұлт, жарқ-жұрқ еткен сөздерден тұратын әндер бар да, қарапайым тілімен жазылған Ғабеңнің хикаяттарындай махаббат мұңын көркем кестелеген әндер де бар. «Жылатқаның не еткенің?» сол көркем сөздің өзі. Ол әсерлі әнмен әуелегенде Ақмарал атты ақынның ашпақ ойы, шашпақ сыры, он төртінен толған айдай, тіпті, айшықтала түседі. Қайырмасын тағы бір рет тыңдайықшы:

Жұбату үшін келдім деп, жылатқаның неткенің?..
...Бірде жол түсіп Анталияда, Ақ теңіздің жағасында азды-көпті демалу бақытына ие болдым. Біз аялдаған қонақүйдің гүл-қауызына қараған ашық кафесінен ертелі-кеш музыка үзілмейді. Шырқалатын, көбінесе, түрік және орыс әндері. Түрік әндерінің сөзін түсінбеймін, ал орысша әндердің мәтіндері жеңіл. Солардың ара-арасында, сізге өтірік, маған шын, түрік бармендері қазақ әндерін де әуелетеді. Әуелетеді де: «Аспанға қараймын, жұлдызды санаймын, сол жұлдыздың ішінде, сен жоқсың арайлым...» деп екпінді ырғақпен басталатын әнге елтіп, қызмет үстінде-ақ билеп тұрады. Ал мен бөлмеме келемін де ноутбугімді іске қосып, «Жылатқаның не еткенің» әнін тыңдаймын. Оның әні мен сөзін Ақмарал Леубаева дүниеге әкеліп, Роза Әлқожа ғажап даусымен сан мыңдаған сезімдерді селдетіп жүр.
Елге қайтатын күні ноутбуктегі әнді флешкама көшіріп алып, барменге бардым да: «Қардаш, мына әнді көшіріп алшы, өте жақсы дүние», дедім. Ол көшіріп алды. Сөйтіп, қазақ ғашықтары мен таланттарының белгісіндей болған бір әнді сонау Ақ теңіздің алтын жағалауындағы ағайындарға «экспорттап» кете бардым.
Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан».
ТАРАЗ.

Қантқа тәуелділік: Тәттіден бас тартқанда ағзада қандай өзгерістер болады?
Өнім • Бүгін, 16:15
Қазақша контент неге трендке сирек шығады: Мәселе тілде ме, форматта ма?
Қоғам • Бүгін, 16:01
Әлем • Бүгін, 15:52
Ақтөбедегі «ақылды» өткел: NAZAR технологиясы жаяу жүргіншілерді қалай қорғайды?
Қоғам • Бүгін, 15:45
TikTok дәуіріндегі журналистика: Қысқа видео қоғамға не беріп жатыр?
Технология • Бүгін, 15:41
Еліміздің оңтүстігінде өрік гүлдеді
Ауа райы • Бүгін, 15:30
АҚШ өзге ғаламшарлықтар туралы құпия құжаттарды жариялауы мүмкін
Әлем • Бүгін, 15:24
Нью-Йорк қалың қардың құрсауында қалды
Әлем • Бүгін, 15:13
2 наурыздан бастап «Отбасы банк» үй кезегіндегілерге арналған талаптарды өзгертеді
Қоғам • Бүгін, 15:07
Мемлекет басшысы Эстония Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 15:05
Жазушылар мен өнер иелері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 14:57
Милан-Кортина Олимпиадасына қатысқан отандастарымыз елге оралды
Қысқы спорт • Бүгін, 14:39
Алматыда халықаралық деңгейдегі тау-шаңғы курорты іске қосылмақ
Олимпиада • Бүгін, 14:32
Оқушылар наурызда 11 күн демалады
Білім • Бүгін, 14:20
Маңғыстау облыстық кітапханасының ұжымы жаңа Конституцияға қолдау білдірді
Аймақтар • Бүгін, 14:03