Үкімет • 13 Желтоқсан, 2021

«Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін іске асыру мерзімі айқындалды

408 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр мен РФ Үкіметі төрағасының орынбасары Юрий Борисовтың төрағалығымен өткен пленарлық отырыста «Байқоңыр» кешені бойынша жетінші үкіметаралық комиссия жұмысының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz Primeminister.kz сайтын асілтеме жасап.

«Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін іске асыру мерзімі айқындалды

Отырыс барысында «Байқоңыр» кешенін бірлесіп пайдалану перспективалары мен одан әрі дамытуға қатысты Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының өзекті бағыттары талқыланды, сондай-ақ Байқоңыр қаласының әлеуметтік саласы мен қызмет көрсететін инфрақұрылымы объектілерін құру туралы уағдаласты.

«Үкіметаралық комиссия мүшелері «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру жобасына ерекше назар аударды, іс-шаралар тізбесі мен іске асыру мерзімдері айқындалды. Сондай-ақ, кешен мүлкін ұтымды пайдалану, инфрақұрылымды, әлеуметтік саланы жаңғырту міндеттері қаралды», деп жазады Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметі. 

Отырысқа қатысушылар өңірдің және ғарыш айлағының экологиялық қауіпсіздігін арттырудың маңыздылығына, кешеннің пайдаланылмайтын объектілерін жалға беруден шығару, есептен шығару және кәдеге жарату мәселелеріне жеке тоқталды.

Күн тәртібінің тармақтары бойынша сарапшылар өзара қолайлы шешімдер тапты, бұл ҮАК отырысының хаттамасында көрсетілген.

«Бәйтерек» ҒЗК - «Байқоңыр» ғарыш айлағы базасында жаңа ұшыру алаңын құру жөніндегі бірлескен жоба. Қазақстан салып жатқан «Бәйтеректе» 2023 жылға қарай Ресей әзірлеп жатқан «Союз-5» типті зымырандарды ұшыруды бастау жоспарланып отыр.

Кезекте-тасымалдағыш зымырандардан бөлінетін бөліктердің құлау ауданы ретінде Қазақстан Республикасының аумағындағы жер учаскесін беру және пайдалану шарттары туралы келісімді ратификациялау.

Байқоңыр ғарыш айлағында бар болғаны 3 ұшыру кешені қалды, 25 жыл бұрын олардың саны 18-ге жетті. Жаңа жоба ғарыш айлағын жандандыруы тиіс.