Қазақстан • 13 Желтоқсан, 2021

«Қазақстан. Тәуелсіздіктің 30 жылы» кітабы жарық көрді

3091 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қазақстан. Тәуелсіздіктің 30 жылы» атты кітап жарық көрді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстан. Тәуелсіздіктің 30 жылы» кітабы жарық көрді

Жаңа кітап ҚР Премьер-Министрі Асқар Ұзақпайұлы Маминнің алғысөзімен жарық көрді. Ал оның ішіндегі талдамалық мақаланы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов жазған.

Кітапта «Тәуелсіздік шежіресі» айдарымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы тарихи рөлін сипаттайтын тарихи фотосуреттер берілген.

Бұдан бөлек ордалы отыз жыл ішіндегі облыстардың жеткен жетістіктері туралы аймақ және қала әкімдері жазған мақалалар шоғырланған.

Сонымен бірге кітапта әр түрлі салалар мен аймақтарды көрсететін Қазақстанның жетекші кәсіпорындары мен брендтері туралы ақпарат жарияланған.

в

«Саутс-Ойл» ЖШС мұнай-газ компаниясы мерейтойлық басылымның бас демеушісі болды. Кітапқа «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ, «Қарачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.», «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Kazakhmys Holding» (Қазақмыс Холдингі) ЖШС демеушілік жасады. Кітаптың авторы және құрастырушысы Мұхаметалина Раушан Қайырбекқызы.

Мерейтой қарсаңында орыс және ағылшын тілдерінде жазылған кітап Қазақстан, ЕАЭО елдері, ТМД және алыс шетелдегі оқырмандарға арналған.

Кітаптың негізгі міндеті – шетел оқырмандарына Қазақстанды экономикасы, индустриясы дамыған және бизнестің барлық салаларында үлкен өсу әлеуеті бар ел ретінде таныстыру.