Астана мен Қарағанды арасынан ойып орын алған Осакаров ауданының орталығында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған мағыналы іс-шара өтті. Бұл кеште «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» фильмінің және «Осакаров ауданы: Тәуелсіздік шежіресі» кітабының тұсаукесері ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.

Осы орайда ырыс пен құт дарыған Осакаров ауданы туралы қысқа да нұсқа айта кеткен ләзім. Қазіргі таңда ауданды көптеген ұлт пен ұлыстың баласынан құралған 30 мың адам мекен етеді. Тұрғындарының басым көпшілігі ауыл шаруашылығымен айналысады. Ауданның аста-төк астығы мен мол картобы ішкі тұтынуды қанағаттандырып қана қоймай, экспортқа да шығарылады. Мал шаруашылығы да дамыған. Мысалы 1991 жылдан 2000 жылға дейін ауданның 39 мемлекеттік кәсіпорны шаруашылық жүргізудің жаңа түріне көшірілген екен.
Жалпы Осакаров ауданындағы өнеркәсіптің негізі «Kazakhmys Coal» ЖШС көмір кенішінің Бөрілі департаменті мен «Қазсушар» РМК-ның Қ.Сәтбаев атындағы су каналы сынды қалатүзуші екі кәсіпорыннан құралады.
Бүгінде ауданда құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Мысалы соңғы деректерге сай, ауданда 300 отбасы баспанамен қамтамасыз етілген. Тәуелсіздік жылдары үш мектеп, екі бала бақша және мыңнан астам бала келетін 36 мини-орталық салыныпты.
Міне, ауданның Тәуелсіздік жылдарындағы осы және басқа да салаларда қол жеткізген табыстары «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» фильмінде кеңінен айтылды. Бұл жоба идеясының авторы аудан әкімі Нұркен Қобжановтың өзі болған екен. Фильм барысында екі жүргізуші дөңгелек үстел басында егемен еліміздің қалыптасуына куә болған аудан тұрғындары және Тәуелсіздік құрдастарымен өткенді еске алған, бүгінгі тыныс-тіршілікті сөз еткен ауқымды сұхбатты қазақ және орыс тілдерінде жүргізеді.
Сұхбатқа қатысқандардың қатарында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, құрметті азамат Ислам Шәкірбеков, ауданның құрметті азаматтары Григорий Бодик, Еркінбай Теміров, мемлекеттік қызметтің ардагері Ольга Геренчир, аудандық мәслихаттың хатшысы Қанат Саққұлақов, спорт ардагері Сергей Потупаленко, денсаулық сақтау ардагері Светлана Шемерлюк, денсаулық сақтау қзметкері Жұмаш Нұрмұханбетова, «Сельский труженник» газетінің тілшісі Елена Врона, Тәуелсіздік құрдасы Әйгерім Сүлейменова және басқалар болды.
Бұдан кейін ел Тәуелсіздігінің 30 жылындағы өңірдің тарихы мен әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған «Осакаров ауданы: Тәуелсіздік шежіресі» атты кітаптың тұсаукесері болды. Басылымды таныстыру құрметіне мемлекеттік қызметтің ардагері Ольга Владимировна Геренчир ие болды.
Тұсаукесер рәсімінде аудан әкімі бұл кітаптың өлке тарихына құрметпен қарайтын жергілікті тұрғындар үшін үлкен тарту болатынын атап өтті.
– Осакаров ауданы – әр түрлі тағдыр, мінез, ұрпақ өкілдерінің басын біріктіретін ортақ үйіміз. Бұл кітап ауданның қалыптасуы және оның дамуына үлес қосқан адамдар туралы. Құнды еңбек біздің туған жерімізде болып жатқан оқиғалар, экономика, мәдениет, білім, медицина және басқа да салалардың дамуы туралы әңгімелейді, – деді ол.
Сахна төріне көтеріліп, жергілікті тұрғындарды ұлық мерекемен құттықтаған аудан әкім Нұркен Қобжанов деректі фильмнің түсіріліміне және тарих, экономика, мәдениет, білім, медицина және басқа да салаларға қатысты материалдар қамтылған жаңа туындының жарық көруіне белсене ат салысқан азаматтарға алғыс айтты. Олардың бәрі төрге шақырылып, лайықты сый-сияпат көрді.
Мерекелік шара барысында ауданның өнерпаздары би билеп, әннен шашу шашты. Атап айтқанда, ауданда тұратын талантты жастар Осакаров ауданының болашақтағы гимні іспетті «Сарыбел» атты екі бірдей ән шығарған екен, солар сахна төрінен орындалғанда жұрт орындарынан көтеріліп кетті.
«Сарыбел» демекші, аудан халқы алдағы уақытта «Оскаров» атауының дәл осындай болып өзгеретініне бек сенімді екен. Иә, құт қонып, қыдыр дарыған өлкеге өзінің тарихи атауы тезірек орласа екен деген игі тілекке біз де шын ықыласпен ниеттестік білдірдік.
12 жастағы қызды тонаған ұры ұсталды
Қазақстан • Бүгін, 14:42
АӘК алатын тұрғындарға газ бағасы төмен болады
Үкімет • Бүгін, 14:35
Нұр-Сұлтанда мыңдаған үй газға қосылады
Елорда • Бүгін, 14:25
Студенттердің шәкіртақысы 20 пайызға артады
Білім • Бүгін, 14:12
Биыл 93 елді мекен газбен қамтылады
Қазақстан • Бүгін, 14:01
Ақтөбеде оқушы қызды қаңғыбас иттер талап тастады
Оқиға • Бүгін, 13:44
Елден заңсыз ақша шығаруға бақылау күшейген
Қоғам • Бүгін, 13:36
Елімізде 18 мың адам мүгедектікті үйінен шықпай рәсімдеді
Қоғам • Бүгін, 13:25
Ішкі нарықта газ тұтыну көлемі 35 пайызға артқан
Үкімет • Бүгін, 13:18
Түркістан облысында екі бала шұңқыр суына батып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:13
Теннисші Алан Құрманғалиев алдына жан салмады
Спорт • Бүгін, 13:02
Президент жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді тапсырды
Президент • Бүгін, 12:55
Еліміздегі алғашқы АЭС Балқаш маңына салынуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 12:50
Биыл 170 мыңнан астам түлек үшін соңғы қоңырау соғылады
Білім • Бүгін, 12:40
Егістік суының 40 пайызы далаға кетіп жатыр – Әлихан Смайылов
Үкімет • Бүгін, 12:31
Аймақтар • Бүгін, 12:23
Соңғы қоңырауда ұстаздарға гүл сыйлауға бола ма?
Білім • Бүгін, 12:16
Елордада Сирия жөніндегі кезекті келіссөз өтеді
Елорда • Бүгін, 12:07
Германия маймылшешек ауруына байланысты карантин жариялайды
Әлем • Бүгін, 11:57
Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы ақтөбелік тұрғындармен кездесті
Аймақтар • Бүгін, 11:44
Кувейтте құмды дауылға байланысты әуе рейстері тоқтатылды
Әлем • Бүгін, 11:39
Елордада 11 автобус бағытын уақытша өзгертті
Елорда • Бүгін, 11:29
Қызылорда облысында күріш алқабы қысқарды
Қазақстан • Бүгін, 11:17
«Достық» каналы арқылы 330 млн текше метр су алынады
Қазақстан • Бүгін, 11:08
Шардара су қоймасына келетін су көлемі ұлғайды
Қазақстан • Бүгін, 10:59
Аса ірі көлемде алаяқтық жасаған ер адам 7 жылға сотталды
Оқиға • Бүгін, 10:50
Елімізде тағы 4 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 10:41
Білім • Бүгін, 10:30
Спорт • Бүгін, 10:29
Спорт • Бүгін, 10:27
Медициналық пойыздар жолға шықты
Медицина • Бүгін, 10:17
ҰБТ-ның алғашқы аптасында 21 түлектің нәтижесі жойылды
Ғылым • Бүгін, 09:38
Қазақстан елшісі француз ғалымын марапаттады
Әлем • Бүгін, 09:15
Спорт • Бүгін, 08:59
Аймақтар • Бүгін, 08:58
«Шіркін, Зидан қазақ болғанда ғой!»
Спорт • Бүгін, 08:57
Хоккей • Бүгін, 08:55
«Жасыл» өсім орнықты дамуға жетелейді
Экология • Бүгін, 08:52
Жарқын бейнесі жадымыздан өшпейді
Қазақстан • Бүгін, 08:50
Адалдық пен шындықты шырақ етті
Қазақстан • Бүгін, 08:48
Ұқсас жаңалықтар