Бокс • 14 Желтоқсан, 2021

Ел чемпионаты аяқталды

97 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысының Щучинск қала­сында бокстан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды. Бұл жарыста 12 салмақ дәрежесі бойын­ша медальдар сарапқа са­лынды.

Ел чемпионаты аяқталды

Бірнеше күнге созылған бәсекелер бары­сында Алматы мен Нұр-Сұлтан қала­ларының бұрымдылары өздерін жақсы қырынан көрсетті. Бұл командалардың әрқайсысы үш алтыннан олжалады. Атап айтсақ, Алатау баурайынан келген арулар арасынан Алуа Балқыбекова (48 кило), Назым Қызайбай (50 кило) және Дариға Шәкімова (66 кило) қарсылас шақ келтірмеді. Елордалық сұлу­лар қатарынан Римма Волосенко (60 кило), Аида Әбікеева (63 кило) және Валентина Хальзова (70 кило) теңдессіз деп танылды.

Ал өзге салмақ дәрежелерінде ақмолалық Дина Жоламан (54 кило) мен Карина Ибра­гимова (57 кило), қостанайлық Надежда Рябец (75 кило) және шымкенттік Фариза Шолтай (81 кило) мен Дина Исламбекова (+81 кило) алтыннан алқа тақты.