Денсаулық сақтау вице-министрі Әсем Нүсіпова министрліктің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті қандай бағыттар бойынша жұмсалатынын айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жуырда Мемлекет басшысы «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға қол қойды, онда Денсаулық сақтау министрлігінің үш жылдық республикалық бюджетінің параметрлері бекітілді.
Бюджет 5 671 млрд теңгені құрады, оның ішінде: 2022 жылы - 1 773 млрд теңге, 2023 жылы - 1 934,2 млрд теңге; 2024 жылы - 1 963,8 млрд теңге.
Денсаулық сақтау вице-министрі Әсем Нүсіпова түсіндіргендей, шығыстардың жалпы сомасының 90%-дан астамын Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына республикалық бюджеттен берілетін трансферттер алады. Бірінші кезекте, 1 трлн 211,3 млрд теңге есебінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген барлық көлемі қаржыландырылатын болады.
Екінші құрамдас бөлігі - бұл халықтың осал топтары үшін мемлекеттің 361 млрд теңге мөлшеріндегі жарналары.
«Мен «министрлік не үшін қаражат жұмсайды?» деген сұраққа қысқаша жауап беруге тырысайын. Медициналық қызметтерді сатып алу жоспары министрліктің бюджеттік комиссиясымен бекітілген және қаржыландыру көздері, өздеріңіз білетіндей, медициналық қызметтердің кепілдендірілген көлеміне (1211,3 млрд теңге, мемлекеттің МӘМС жарналары (361 млрд теңге), жұмыс берушілердің жарналары (280 млрд теңге), қызметкерлердің жарналары (172 млрд теңге), жеке кәсіпкерлер мен жеке тұлғалардың және бірыңғай әлеуметтік салықты төлейтін тұлғалардың жарналары (шамамен 20 млрд теңге) мемлекет трансферттері болып табылады», деді Әсем Нүсіпова.
Ол МӘМС-тің жалпы сомасы 867 млрд теңгені құрайтынын атап өтті. Вице-министр ведомствоның 20 бағыт аясында қаражатты қайда жұмсауды жоспарлап отырғанын түсіндірді.
«Қаражатты жұмсаудың бірінші ірі бағыты - алғашқы медициналық-санитарлық көмекті қаржыландыру, яғни барлық емханалық желіні қаржыландыру. Бұл толығымен ТМККК трансферттері есебінен жүзеге асырылады және 407,5 млрд теңгені құрайды. Іс жүзінде бұл Қордың барлық шығындарының бестен бір бөлігі. Екінші ауқымды, «бәсекелес» бағыт - стационарлық жағдайда мамандандырылған медициналық көмекке шығындар. Бұл 373 млрд теңге - іс жүзінде Қордың барлық шығыстарының бестен бір бөлігі (18%). Үшінші бағыт - консультативтік-диагностикалық көмек (амбулаториялық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек), оның шығындары 231,3 млрд теңгеге жетті. Бұл - ӘМСҚ шығындарының 11%-ы», деп түсіндірді Ә. Нүсіпова.
Төртінші негізгі бағыт - сомасы 60,9 млрд теңгеге стационарды алмастыратын жағдайдағы мамандандырылған медициналық көмек. Бұл ретте ауыл халқына стационарды алмастыратын жағдайдағы мамандандырылған медициналық көмек 123,5 млрд.теңгені құрайды. Жалпы сома 184,4 млрд теңгеге немесе қор шығыстарының 9%-ына жетеді. Шығыстардың бесінші бөлігі, жоғары технологиялық медициналық көмекті қаржыландыру - 63,9 млрд теңге (3%).
Алтыншы бөлік - қан мен оның компоненттерін өндіруге жұмсалатын шығыстар 26,3 млрд теңге сомасына жұмсалатын болады.
Жетінші, сегізінші, тоғызыншы бағыттар - АИТВ инфекциясын жұқтырған адамдарға медициналық-әлеуметтік көмек - 19,7 млрд теңге, туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық-әлеуметтік көмек - 39,7 млрд теңге, психикалық, мінез-құлық бұзылулары (аурулары) бар адамдарға психикалық денсаулық саласындағы науқастарға медициналық көмек - 40,8 млрд теңге. Егер осы үш бағытты бірге қоссақ - бұл 100,2 млрд теңге.
«Оныншы бағыт - бағдарламалық диализ. Оған 39,6 млрд теңге бөлу көзделген. Он бірінші бағыт - жедел медициналық көмек. Ол кепілдендірілген көлемге трансферт есебінен толық қаржыландырылады және 76,3 млрд теңгені құрайды. Бұл барлық ӘМСҚ шығындарының шамамен 4%-ы. Он екінші бағыт - паллиативтік медициналық көмек – 5,8 млрд теңге, он үшінші бағыт - патологоанатомиялық диагностика, бұл қызметтерге шығындар 3 млрд теңгені құрайды. Он төртінші - инфекциялық аурулармен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстар 64 млрд теңгені құрайды. Он бесінші, он алтыншы бағыттар - онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарға медициналық көмек 71,8 млрд теңге, ал онкогематологиялық науқастарға - 20,4 млрд теңге сомасында қаржыландырылады. Он жетінші бағыт - бұл медициналық оңалтуға жұмсалатын шығындар, олар 66,8 млрд теңгені құрайды. Он сегізіншісі - шетелде емделу. Бұған 3,5 млрд теңге жұмсау жоспарланып отыр», деді спикер.
Шығыстардың тағы бір ірі бағыты амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге арналған шығыстар болып табылады. Олар 140,3 млрд. теңгеге жетеді, бұл - ӘМСҚ шығындарының 7%-ы. Сонымен қатар жалақының өсуіне 171 млрд теңге бөлінеді, бұл ӘМСҚ барлық шығыстарының 8,5%-ға жуығы.
51,4 мыңға жуық адам әлеуметтік төлем алды
Қоғам • Кеше
Футболдан Қазақстан чемпионаты: «Ақтөбе» топ жарды
Футбол • Кеше
Елордада екі автобустың бағыты уақытша өзгереді
Елорда • Кеше
Ирандағы жер сілкінісінен бес адам көз жұмды
Әлем • Кеше
Алматыдағы Сайран көлі құрғатылады
Экология • Кеше
Алматыдағы «Алтын-Орда» базары маңында дәмхана өртенді
Аймақтар • Кеше
Бүгін Қазақстан әскери-әуе күштерінің құрылған күні
Қазақстан • Кеше
Мүлік иелері бірлестігіне көшудің механизмі түсіндірілді
Қазақстан • Кеше
Қазақстан-Люксембург дипломатиялық қатынасына 30 жыл толды
Қазақстан • Кеше
Жетісу өңірінен шыққан қос тұлғаға ескерткіш орнатылды
Аймақтар • Кеше
Президент Алматы әкімін қабылдады
Президент • Кеше
Қазақстанның дипломатиялық қызметіне – 30 жыл
Қазақстан • Кеше
«Қазфосфат» кәсіпорында 2 жұмысшы мерт болды
Қоғам • Кеше
Алматы мен Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Кеше
Иранда 6 балдық жер сілкінісі болды
Әлем • Кеше
Өткен тәулікте 187 адам індет жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Бүгін ақын Мұхтар Шаханов 80 жасқа толды
Қазақстан • Кеше
Елордада субұрқақтан энтеровирус анықталды
Елорда • 01 Шілде, 2022
Мақтаарал тұрғыны ауласынан адам сүйегін тауып алды
Оқиға • 01 Шілде, 2022
2500-ден астам домбырашы қазақтың танымал күйлерін бір мезетте орындады
Өнер • 01 Шілде, 2022
Өскеменде 4,3 млн теңге жымқырған есепші ұсталды
Оқиға • 01 Шілде, 2022
Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы жаңа форматта өтті
Үкімет • 01 Шілде, 2022
Қарағандыда ғарыш мониторингі базада тіркелмеген 11 мың жер учаскесін тапты
Аймақтар • 01 Шілде, 2022
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 01 Шілде, 2022
Түркияда Мұхтар Шахановтың 80 жас мерейтойы атап өтілді
Әлем • 01 Шілде, 2022
Мемлекеттік баға реттеу мәселелері туралы заңға өзгерістер енгізілді
Президент • 01 Шілде, 2022
Президент қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл туралы заңға қол қойды
Президент • 01 Шілде, 2022
Биыл Шымкентте 51 үй пайдалануға беріледі
Аймақтар • 01 Шілде, 2022
Мәдениет министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүріп жатыр
ANTIKOR • 01 Шілде, 2022
Ақсу электр станциясында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • 01 Шілде, 2022
Қоғам • 01 Шілде, 2022
Ұқсас жаңалықтар