Елордада М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалының 20 жылдық мерейтойы тойланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құрметті қонақтар арасында ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің, ҚР Парламентінің депутаттық корпусының, Ресей Елшілігінің, Қазақстандағы Россотрудничество өкілдігі және ММУ қазақстандық филиалының әр жылдардағы түлектері, оқытушылар, студенттер болды.
Салатанатты жиында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатын оқып берді.
«М. В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының ұжымына! Сіздерді М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалының құрылғанына 20 жыл толуымен құттықтаймын. Менің бастамам бойынша және РФ Президенті В.В. Путиннің қолдауымен құрылған бұл жоғары оқу орны – қос елдің достығы мен стратегиялық әріптестігінің жарқын үлгісі болды. Мен 1994 жылы Еуразиялық одақты құру идеясын да Мәскеу университетінде айтқан едім. Ал қазір оның филиалы Еуразияның орталығында табысты қызмет етуде», дейді Н. Назарбаев.
Өз сөзінде Елбасы филиал түлектерінің Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтіп жатқан Қазақстанның дамуы мен гүлденуіне лайықты үлес қосып жүргендерін атап өтті.
«Заманауи және кеңінен ойлайтын мамандарды дарялау және бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу отандық жоғары білім көшбасшыларының бірі ретінде ЖОО әлеуетін одан әрі өсіруге ықпал етеді. ММУ Қазақстан филиалының ұжымына еліміздің игілігі үшін жаңа табыстар мен жетістіктер және Қазақстан-Ресей ынтымақтастығын әрі қарай ілгерілетуді тілеймін», деді Н. Назарбаев.
Айта кетейік, М. В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен және РФ президенті Владимир Путиннің қолдауымен құрылған.
2000 жылғы 9 қазанда Ресей Федерациясының Президенті В.В. Путиннің Қазақстан Республикасына жасаған мемлекеттік сапарында ММУ ректоры, академик В.А. Садовничий мен ҚР Білім және ғылым министрі Қ.Е.Көшербаев Астана қаласында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеттің базасында М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалын құру туралы хаттамаға қол қойған болатын.
51,4 мыңға жуық адам әлеуметтік төлем алды
Қоғам • Кеше
Футболдан Қазақстан чемпионаты: «Ақтөбе» топ жарды
Футбол • Кеше
Елордада екі автобустың бағыты уақытша өзгереді
Елорда • Кеше
Ирандағы жер сілкінісінен бес адам көз жұмды
Әлем • Кеше
Алматыдағы Сайран көлі құрғатылады
Экология • Кеше
Алматыдағы «Алтын-Орда» базары маңында дәмхана өртенді
Аймақтар • Кеше
Бүгін Қазақстан әскери-әуе күштерінің құрылған күні
Қазақстан • Кеше
Мүлік иелері бірлестігіне көшудің механизмі түсіндірілді
Қазақстан • Кеше
Қазақстан-Люксембург дипломатиялық қатынасына 30 жыл толды
Қазақстан • Кеше
Жетісу өңірінен шыққан қос тұлғаға ескерткіш орнатылды
Аймақтар • Кеше
Президент Алматы әкімін қабылдады
Президент • Кеше
Қазақстанның дипломатиялық қызметіне – 30 жыл
Қазақстан • Кеше
«Қазфосфат» кәсіпорында 2 жұмысшы мерт болды
Қоғам • Кеше
Алматы мен Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Кеше
Иранда 6 балдық жер сілкінісі болды
Әлем • Кеше
Өткен тәулікте 187 адам індет жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Бүгін ақын Мұхтар Шаханов 80 жасқа толды
Қазақстан • Кеше
Елордада субұрқақтан энтеровирус анықталды
Елорда • 01 Шілде, 2022
Мақтаарал тұрғыны ауласынан адам сүйегін тауып алды
Оқиға • 01 Шілде, 2022
2500-ден астам домбырашы қазақтың танымал күйлерін бір мезетте орындады
Өнер • 01 Шілде, 2022
Өскеменде 4,3 млн теңге жымқырған есепші ұсталды
Оқиға • 01 Шілде, 2022
Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы жаңа форматта өтті
Үкімет • 01 Шілде, 2022
Қарағандыда ғарыш мониторингі базада тіркелмеген 11 мың жер учаскесін тапты
Аймақтар • 01 Шілде, 2022
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 01 Шілде, 2022
Түркияда Мұхтар Шахановтың 80 жас мерейтойы атап өтілді
Әлем • 01 Шілде, 2022
Мемлекеттік баға реттеу мәселелері туралы заңға өзгерістер енгізілді
Президент • 01 Шілде, 2022
Президент қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл туралы заңға қол қойды
Президент • 01 Шілде, 2022
Биыл Шымкентте 51 үй пайдалануға беріледі
Аймақтар • 01 Шілде, 2022
Мәдениет министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүріп жатыр
ANTIKOR • 01 Шілде, 2022
Ақсу электр станциясында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • 01 Шілде, 2022
Қоғам • 01 Шілде, 2022
Ұқсас жаңалықтар