ANTIKOR • 14 Желтоқсан, 2021

Алматыда полиция емханасының бас дәрігері ұсталды

323 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыда қалалық полиция департаментіне қарасты емхананың бас дәрігері сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұсталды. Ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда полиция емханасының бас дәрігері ұсталды

Әлеуметтік желіде Алматы полициясы емханасын басқаратын Әлия Сармасаеваның туыстарының видеоүндеуі тарады. Туыстары мен адвокаттың айтуынша, әйел бес мың теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталған. Айтуларынша кеңсені тінту кезінде бұл ақша табылмаған.

«Өкінішке орай, Әлияның күйеуі қайтыс болды. Оның екі қызы бар, бірі жақында жұмысқа орналасып, сынақ мерзімінде жүр, екіншісі студент. Екеуі де білім грантының иегері. Әлияның отбасы жалдамалы пәтерде тұрады, оған туыстары көмектеседі», делінген видеода.

Видеода күдіктінің адвокаты Сәуле Көпжанова да бар. Ол Әлия Сармасаеваның қарамағындағы қызметкердің өтініші бойынша ұсталғанын айтады.

«Қазір сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүріп жатыр, бірақ кейбір аймақтарда ол фарсқа айналып жатыр. Бірнеше миллиард ұрлағаны үшін ұсталғандар ешқайда кетпеу туралы қолхатпен үй қамауында отыр. Өкінішке орай, 36 жылдық тәжірибесі бар дәрігерге бес мың теңге пара алды деген айып тағылып жатыр, бірақ ол өмір бойы пәтер сатып алмаған. Жемқорлар олай өмір сүрмейді. Ал қарапайым дәрігерді денсаулығына байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық парағына ақша алды деген күдікпен қамауға алды. Бірақ Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес емхана меңгерушісі бұл парақтарды бермейді емес пе?», деді адвокат.

Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәліметінше, Сармасаеваға қатысты қылмыстық іс уақытша еңбекке жарамсыздық парағын ашқаны, ұзартқаны, жапқаны үшін бірнеше рет пара алу дерегі бойынша тергеліп жатыр.

«Алматы прокуратурасы күдікті деп тану және әрекетті саралау туралы қаулыны мақұлдаған. Тергеу барысында Сармасаева қылмыстық процестің қатысушысына қысым көрсетіп, өзін әшкерелейтін айғақтарды өзгертуді талап еткен. Осыған орай сот Сармасаеваға қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түрінде бұлтартпау шарасын қолдануға санкция берді», деп хабарлады ведомство қызметкері.

Сонымен қатар, адвокат Көпжановаға қатысты «Сотқа дейінгі іс жүргізу деректерін жария еткені үшін іс жүргізу шешімі», қабылданатыны айтылды.