Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2021

Атырау облысында Тәуелсіздік монументі ашылды

746 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тәуелсіздік монументі Исатай ауданының орталығы – Аққыстау ауылында бой көтерген.

Атырау облысында Тәуелсіздік монументі ашылды

Монументтің биіктігі – 16, ұзындығы мен ені – 6,5 метр. Оның мұнарасында қазақ халқының киелі шаңырағы, оның жанында ұшып жүрген құстар бейнеленген.

«Монумент – тарихи-танымдық маңызы зор нысан. Мұнараның биігіне киелі шаңырағымызды орнатудың астарында Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын деген идея бар. Тәуелсіздігіміз баянды болса, еліміз де еңселі болады» деді монументтің ашылуына қатысқан облыс әкімінің орынбасары Нариман Таушов.

Мұнараның артқы жағында биіктігі – 5, ұзындығы – 7, ені – 1,10 метрлік 3 колоннаға рельефт-мүсіндер орнатылған. Онда Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ант беру сәті мен еліміздің 30 жылдағы жетістіктері көрініс тапқан.