Қазақстан • 14 Желтоқсан, 2021

NCOC: Қазақстанның болашағы үшін

572 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылы елдің 30 жыл сенімді әрі қарқынды дамуының дәлелі. Қазақстан қысқа уақытта дүниежүзілік қоғамдастыққа танымал елге айналды. Елбасының шетелдік инвестицияларды тарту арқылы мұнай-газ саласын дамытуға ерекше көңіл аудару туралы шешімі тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жаһандық дағдарыс жағдайларына қарсы тұруға мүмкіндік берді.

NCOC: Қазақстанның болашағы үшін

1999 жылы Қазақстанның мұнай-газ саласының 100 жыл­дық мерейтойында Нұрсұлтан Назарбаев Атыраудағы қоше­мет­теу сөзінде: «Мұнай отандық өнеркәсіптің маңызды саласы ғана болып қоймай, сонымен бірге мемлекеттік тәуелсіздік мәрте­бе­сі­нің нышанына, жарқын бола­ша­ғына деген сенімге айналды. Енді Қазақстан мұнайы Қазақстан халқының игілігіне қызмет етуде!» деді.

Солтүстік Каспий жобасы 28 жыл бойы Қазақстан халқының игі­лігіне қызмет етіп келеді. Сол­түстік Каспий жобасы – әлем­де­гі ең күрделі және өршіл мұнай-газ жо­баларының бірі. Жоба операторы – NCOC компаниясы бүгінгі күнге қараған шақта 60 миллион тоннадан астам мұнай экспорттады және мұнай мен газ өндіру көлемін тұрақты және сенімді түрде арттырып жатыр.

Алайда NCOC – тек мұнай мен газ, ұңғымалар мен жасанды аралдар, өндірістік жобалардан ғана құралмайды. Бұл сонымен бірге ондаған мектеп пен балабақша, ауруханалар, адамдардың үйлеріне тартылған газ, спорт кешендері, мәдениет үйлері іспетті әлеуметтік жобалардан тұрады.

NCOC компаниясы өзінің бүкіл қызметі бойына Атырау және Маңғыстау облыстарында әлеу­меттік жобаларды жүзеге асы­рып келеді. Осылайша, компания үшін шынайы құндылық өз қызметі жүргізіліп жатқан өңір­лердің әл-ауқаты, жергілікті ха­лық­тың денсаулығы және өскелең ұрпақтың қорғалуы екенін іс жүзінде көрсетуде.

NCOC компаниясының көп­те­ген әлеуметтік жобалары өскелең ұрпаққа бағытталған.

20 жылдан астам уақыт ішінде компания 6 мың орындық 16 мектеп және 3 мың орындық 14 бала­бақ­ша салды.

Жетім балалар мен жағдайы төмен отбасылардың балалары қа­та­рынан 3 340 бала еліміздегі ең жақсы балалар лагерьлерінде демалуға мүмкіндік алды. Олардың ішінде 160 бала 2018-2019 жылдары үш апта бойы Қазақстан-Британ техникалық университетінің биз­нес-мектебі мен Теңіз академиясында ағылшын тілі және бағ­дар­ламалау оқу курстарында дәріс алды.

NCOC компаниясы өзінің өн­ді­рістік қызметі жүріп жатқан өңір­лердегі балалардың білім алу деңгейін арттыруға үлес қо­суды жалғастыруда. STEM-зерт­хана (ғылым, технология, инжиниринг және математика) мектеп оқушыларын оқытудағы жаңа әдістеме және әлемдік білім беру саласындағы негізгі тренд. Бұл сонымен бірге оқушыларға бағдарламалау бойынша оқуға және роботтехникамен кәсіби деңгейде айналысуға мүмкіндік береді. Компания соңғы екі жыл ішінде заманауи STEM-зертхана кабинеттерін Атырау және Маң­ғыс­тау облыстарының 12 мектебіне жабдықтап, тапсырды.

Биыл Қазақстандағы Британ Кеңесімен бірлесіп өткізілген жұ­мыс аяқталды, біз бұны мақтан тұтамыз. Бұл Қазақстандағы ағыл­шын тілін үйрену жөніндегі үш жылдық пилоттық жоба. Аты­рау­дың 7 жалпы білім беру орта мектебінің, Мақат кентіндегі 1 жалпы білім беру орта мекте­бі­нің және Х.Досмұхамедов атын­дағы Атырау мемлекеттік уни­вер­ситетінің 750 оқушысы мен студенті, 8 ағылшын тілінің оқы­ту­шысы ағылшын тілін білу дең­ге­йін және кәсіби біліктілігін арт­тыруға мүмкіндік алды. Кон­курс­тық негізде іріктелген үздік мұғалімдер Ұлыбританияда оқуды жалғастырады.

Өкінішке қарай, толыққанды білім алу мүмкіндігі балалардың барлығында бола бермейді. Психикалық-сөйлеу немесе ойлау қабілеті тежелген ерекше қа­жеттіліктері бар балаларға әлеу­­меттік ортаға бейімделу қиынға соғады. Осындай бала­лар­ға көмектесу үшін NCOC ком­паниясы демеушілік және қайы­рымдылық бағдарламасы аясында Маңғыстау облысының Түпқараған ауданындағы мектептерде 13 инклюзивтік қолдау кабинетін және Атыраудағы мектептерде 5 кабинетті жабдықтауға көмек көрсетті. Мұндай кабинеттер ғылым негіздерін үйретумен қатар балалардың бір-біріне кө­мек­тесуіне, достасуына және бірге ойнауына мүмкіндік береді.

NCOC компаниясы мүмкін­дік­тері шектеулі адамдарға ерек­ше көңіл бөледі. Атырау және Маңғыстау облыстарында ерек­ше қажеттіліктері бар он мың­да­ған адам тұрады. Компания жыл сайын инватакси және мүге­дек­терге арналған арбашалар сатып алуға қаражат бөледі. Ав­то­көлік құралдары арнайы тиегіш алаңшамен жарақталған, бұл әдеттегі таксимен жүре алмайтын арбаға таңылған мүгедектер үшін ыңғайлы. Машиналардың салондары кең, мүгедек арбашасын көтеруге арналған басқару пульті бар электргидрокөтергішпен, тер­мо­шуоқшаулауышпен, кондицио­нерлермен және аудиожүйемен жарақталған, яғни ерекше қажет­ті­ліктері бар жолаушылардың жү­руіне ыңғайлы болуы үшін барлық жағдай қарастырылған.

Оның алдында мүмкіндіктері шектеулі 16 адам техникалық сипаттамалары ерекше болуымен қатар, өте ыңғайлы және дизайны әдемі, жеке қажеттіліктерді ескеріп іріктелген мүгедектер креслоларына ие болды. Креслоларды бөлу кезінде олардың өлшемдері, үлгілері, функциялары және тіпті түстері ескерілді.

Денсаулық сақтау нысандарын салу – әлеуметтік және ин­фра­­­құрылымдық жобалардың ба­ғыттарының бірі. 1998 жылдан бастап NCOC компаниясының қар­жылық қолдауымен ауылдық дәрі­герлік бекеттерден бастап ауру­­­­­ханаларға дейін 15 меди­ци­на­­лық мекеме тұрғызылды.

 2020 жылы бүкіл дүние жүзі коронавирус пандемиясына тап болып, қосымша төсектік орындар өте қажет болған кезде NCOC компаниясы қысқа мерзім ішінде Атырауда және Ақтауда әрқайсысының құны 7 млрд теңге тұратын 2 мо­дульді жұқпалы аурулар ауруха­на­сын салды. Ауруханалар толығымен заманауи медициналық жабдықтармен, соның ішінде жағдайы аса ауыр науқастарды емдеу үшін оттегі беретін арнайы желілермен жарақ­та­лған.

Атырау қаласында кар­дио­ло­гиялық аурухананың 50 орындық қосымша корпусы тұрғызылды. Жоба шең­берінде заманауи меди­ци­на­лық жабдықтар, соның ішінде көптеген ауруды анықтауға арналған Philips Prodiva магниттік-резо­нанс­тық томографы (МРТ), жасанды жолмен қан айналдыратын аппарат, УДЗ жабдықтары, емде­лушілерді бақылау және қадағалау жүйелері және басқа да көптеген жаб­дық­ сатып алынып, орна­тыл­ды. Ал жаңа орта­лық­тан­ды­рылған оттегі стан­сасы кар­дио­логиялық орта­лықтың жаңа ғимаратына ғана емес, сондай-ақ ескі ғима­ратына да отте­гіні үз­діксіз беріп тұрады.

2020 жылғы қарашада NCOC компаниясы Атырау облысы Құрманғазы ауда­ны­ның жергілікті әкім­ші­­лі­гі­не 75 төсектік орынға есеп­­телген жаңа орталық ауру­­ха­наны табыс етті. Бұл жоба об­лыс­­тың шалғай аудандарының бі­ріндегі тұрғындар үшін өте ма­ңыз­ды. Аурухана заманауи жаб­дықтармен және құрал-аспап­тар­мен жарақталған, сонымен қатар онда ауа желдету және кондиционерлеу автоматты жүйесі, медициналық газ беру жүйесі және апаттық жағдайда электр­мен жаб­дық­тайтын дизельді электр­станса бар, яғни жергілікті ха­лық­ты жайлы жағдайларда сапа­лы емдеу үшін керектің бәрі қарас­ты­рылған.

Компания Атырау және Маң­ғыс­тау облыстарының денсау­­лық сақтау жүйелеріне COVID-19 індетімен күресу үшін тікелей көмек көрсетуге барлығы 3 млрд тең­геден астам қаражат бөлді.

Сонымен бірге компания мен басқа операторлардың бірлескен бастамасы бойынша жергілікті денсаулық сақтау жүйесіне қолдау көрсету үшін Ұлыбританиядан қар­қынды терапия дәрігерлері ша­қырылды.

Пандемияға және тиісті шектеулерге қарамастан NCOC компаниясы жергілікті халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруды жал­ғастырды. Мысалы, Дүние­жүзі­лік денсаулық сақтау ұйы­мы­ның «Саламатты мектеп» бағ­дар­ламасын жүзеге асыруды жал­ғас­тыра отырып, Атырау және Маң­ғыс­тау облыстарының ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған топтары бар білім беру және мамандандырылған меке­мелерінде ауаны зарарсыздандыратын бактерицидті рециркуляторлар мен ауыз су бұрқақшалары орнатылды. Тек 2020 жылдың өзінде екі облыстағы 83 балаларға білім беру және мамандандырылған ұйымға 1 038 зарарсыздандырғы-тазартқы табыс етілді. Компания сонымен бірге Ақтау қаласының 25 мектебінде үш сатылы су сүз­гілеу жүйесі бар 256 ауыз су бұр­қақ­шасын орнатты.

Демеушілік және қайы­рым­ды­лық бағдарламасы әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалармен бірге NCOC корпоративтік әлеуметтік саясатының ажыра­мас бөлігі болып табылады. Кон­сор­циум өзінің 30 жылға жуық тари­хын­да түрлі оқиғаларды басынан кешірді: операторлық үлгінің өзге­руі, алғашқы мұнай алу, құбыр желісін ауыстыру, мұнай өндіруді қайта бастау, күрделі жөндеу жұ­мыс­тарын табысты аяқтау, 60 млн тоннадан астам мұнай экспорттау және COVID-19 індетіне байланыс­ты шектеулер жағдайында жұмыс істеу.

Алайда осы өзгерістердің бар­л­­ығына қарамастан, бір нәрсе өзгеріссіз: NCOC Атырау және Маң­ғыстау облыстарының тұрақты дамуына және олардың халқының әл-ауқатын арттыруға үлес қосу бағытынан таймайды.