Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2021

Экспозицияда – ел тарихы

708 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Облыстық тарихи-өл­кетану музейінде Тәуел­сіздіктің 30 жыл­дығы қар­саңында «Елба­сы және Тәуелсіз Қазақ­стан тарихы», «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда» экс­­­­позициялық зал­дары ашыл­ды. Салта­натты іс-шараға қатыс­қан мә­де­ниет, қоғам қайрат­кер­леріне, ғалымдарға экс­позициялық залдар­дағы жәдігерлер таныс­ты­рылды.

Экспозицияда – ел тарихы

– Қастерлі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы – қайта жаңғырған Қазақ мемлекеттігінің, ата-ба­баларымыз аңсаған азат­тық­тың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Еліміз осы кезеңде әлемдегі өркениетті елдер қатарынан көрінді. Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың басшылығымен мемле­кетіміздің шекарасы ше­ген­деліп, билік жүйесі қа­лып­­тас­ты. Ұлттық валютамыз ай­на­лым­ға енді. Қуатты Қа­рулы Күштер құрылды. Ата За­­ңы­мыз қабылданды, шетел­дер­мен дип­ломатиялық қарым-қа­тынас орнады. Еліміз беделді халықаралық ұйымдарға мүше болды. «Қазақстан – 2030», «Қа­зақстан – 2050» стра­те­гия­лық бағдар­ламалары қа­был­данып, эконо­микасы озық отыз елдің қа­тарына қосылуды меже­ле­дік, – деді Махамбет Досмұхамбетов.

Әкімнің айтуынша, тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен нығаю тарихынан сыр шертетін материалдарды тоғыстырған, Елбасының өмір жолын баян­дайтын тарихи деректер мен қайраткерлік қырын көр­се­тетін мұрағат құжаттары топ­­­тастырылған «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан тари­хы» экспозиция залының м­а­­­ңызы ерекше. Сондай-ақ Тәуел­сіздіктің 30 жылдығын ме­рекелеу аясында ашылған «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда» залы­ның жас буынды отаншыл­дық рухта тәрбиелеуге тигізер ықпалы зор болмақ.

Мемлекет тарихы инсти­тутының директоры, тарих ғы­лымдарының докторы, профессор Еркін Әбілдің пікіріне сүйенсек, экспозициялық залдарды тарихи сананы жаңғырту жолындағы кезекті қадам деп айтуға болады. Музей – тарихи жәдігерлерді сақтау ғана емес, өскелең ұрпаққа ата-баба­мыздан қалған мұралар арқылы тәлім-тәрбие беруге арналған үлкен әлеуметтік нысан. Сондықтан ел тарихынан сыр шертетін мұндай  экспозициялық жәдігерлер көп­шілік арасында көбірек наси­хатталуы керек. Өйткені ұжымдық тарихи жадымызды қалып­тастыру арқылы ұлттық санамызды жаңғырта аламыз.

 

Атырау облысы