Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2021

Павлодар әуежайында цифрлық құжаттар сервисі іске қосылды

327 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар әуежайында жеке деректерді растау үшін eGov Mobile қосымшасы арқылы цифрлық жеке куәлікті ұсыну мүмкіндігі пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар әуежайында цифрлық құжаттар сервисі іске қосылды

«Павлодар әуежайы» АҚ-ның мәлімдеуінше, әуежайда цифрлық жеке куәлікті пайдалану үшін eGov Mobile қосымшасында тіркелген пайдаланушы  «цифрлы құжаттар» сервисіне кіріп, тізімнен жеке куәлікті таңдауы қажет.

«Ұшатын жолаушылар әуежайдың тіркеу бағанасында, сондай-ақ ұшу алдындағы тексеруден өту кезінде eGov Mobile қосымшасынан QR-кодты сканерлеген смартфонның экранын көрсету қажет», делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Цифрлық құжаттар сервисі пилоттық режимде жұмыс істейді. 

Жаңа қызметті әуежайларда пайдалануды жоспарлап отырған жолаушыларға  ұшар алдында өзімен бірге жеке куәлігінің түпнұсқасын алып жүруді ескертеді.