Президент • 15 Желтоқсан, 2021

Тәуелсіздік ең қасиетті, қастерлі құндылығымыз - Қ.Тоқаев

990 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірнеше ғасырдан бері үзіліп қалған дербес мемлекеттілік дәстүрімізді қайта жалғадық. Бұл туралы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шарада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тәуелсіздік ең қасиетті, қастерлі құндылығымыз - Қ.Тоқаев

Құрметті отандастар!

Ардақты ағайын!

Баршаңызды қастерлі Тәуелсіздігіміздің мерейлі белесімен шын жүректен құттықтаймын! Біз осыдан 30 жыл бұрын бабалар арманын ақиқатқа айналдырдық. Жаңа Қазақ мемлекеті құрылғанын дүние жүзіне паш етіп, Тәуелсіздігімізді жарияладық. Бірнеше ғасырдан бері үзіліп қалған дербес мемлекеттілік дәстүрімізді қайта жалғадық. Шын мәнінде егемендік – елдің бәріне бұйыра бермейтін бақ. Әлемде сан миллион халқы болғанымен, ұлтарақтай жері жоқ қаншама ұлт бар. Ал, қазақтың пешенесіне өз мемлекетін құру бақыты жазылды. Бұл – ұлы бақыт, ұлттың бақыты! Бұдан асқан қуаныш, бұдан биік мәртебе бар ма?!», деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті Тәуелсіздік ең қасиетті, қастерлі құндылығымыз, ең басты байлығымыз екендігін баса айтты.

«Халқымыз Егемендіктің қадір-қасиетін жан-жүрегімен сезінеді. Өйткені, біз азаттықтың құны қандай екенін жақсы білеміз. Бостандық жолында талай батырларымыз құрбан болды. Қаншама қиын күндер басымыздан өтті. Бірақ, халқымыз барлық сынақты қайыспай көтерді», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дәмі бар балмұздақ

Кәсіпкер • Бүгін, 09:15

Шебер тірілткен құнды мұра

Көрме • Бүгін, 09:05

Жарапазан айтып жарысты

Дәстүр • Бүгін, 09:00

Наурыздың рухын асқақтатқан ән

Наурызнама • Бүгін, 08:55

Парасат пен мейірім

Қоғам • Бүгін, 08:50

Америка асқан «Қыз-Жібек»

Таным • Бүгін, 08:45

Өнегелі Ольга

Қоғам • Бүгін, 08:35

Тау көтерген толағай

Қоғам • Бүгін, 08:30

Ұлт тағамын ұлықтаған

Кәсіпкер • Бүгін, 08:20

Жауапты ғұрып

Пікір • Бүгін, 08:10